astana-view

Биыл Маңғыстауда 237 жұмыс орны ашылмақ

2018 жылғы 12 Наурыз
- Маңғыстау облысы
4503 просмотров

Былтыр Маңғыстау облысында ауыл шаруашылығының өнім көлемі 13,7 млрд.теңге, егін шаруашылығы 2,8 млрд. теңге, ал мал шаруашылығы 10,9 млрд. теңгені құраған

Яғни ауыл шаруашылықтың индекс көрсеткіші  –108,2% болса, оның ішінде егін шаруашылығы 133%, мал шаруашылығында 108,2% құрап отыр. Сондай-ақ, 20 гектарға шақталған 30-ға жуық жылыжай жұмыс жасап тұр. Ал биыл, 27 гектар болатын 31 жылыжай жұмысын бастайтын болады. Бұл туралы аймақ басшысының қатысуымен ауыл шаруашылығы саласының тауар өндірушілері мен инвесторлардың жиынында белгілі болды. Бүгінде өңірде жұмыс жасап тұрған 20 ауыл шаруашылық кооперативтері бар. Олардың үшеуі «Бейнеу» (мал сою пункті), «Берген Бек» (мал сою пункті), «Сегізбай Ата» (ет консервілеу) кооперативтері қызметтері тұрақталып, жұмыстарын жалғастырып келеді.

Елбасымыз шағын және орта бизнесті қолдау керектігін, сондай-ақ несие берілу жағын қолжетімді ету керектігін баса айтқан болатын. Ол үшін былтыр республикалық бюджеттен  474 млн теңге бөлініп, толықтай игерілген. Нәтижесінде  ауылдық округтерде тұратын 130 азаматқа шағын несие беріліп, 219 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Ал, биыл бұл қаражат 4 есе өсіп, яғни 2,0 млрд. Теңге болмақ. Жиын барысында облыс басшысы  2018-2019 жылдары құс шаруашылығы, құстың етін өндіру фабрикасы, көкөніс сақтау қоймалары мен жылыжайлар кешенінің құрылысы сияқты ірі жобаларды іске асыру туралы жоспармен бөлісті.

Төрт түлік санынының көрсеткіші бойынша 2017 жыл мен 2016 жылды салыстырсақ өсімнің жоғарлағанын мына жерден көруге болады.

ірі қара – 17 000 бас болып, 12,9% -ға өсті;
қой – 279 000 бас болып, 1,3%-ға өсті;
ешкі – 87 000 бас болып, 9,7%-ға өсті;
жылқы – 66 000 бас болып, 4%-ға өсті;
түйе – 55 000 бас болып, 2,9%-ға өсті;
құс – 37 000 бас болып, 25,8% өсті.

Қазіргі таңда өңірде 504 000 бас мал бар. Оның -  138 000 бас ірі қара мал болса, 366 000 бас ұсақ мал.

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында ауыл шаруашылық саласын дамыту үшін берілетін несиеге былтыр Республикалық бюджеттен  474 000,0 мың теңге бөлініп,толықтай игерілген. Нәтижесінде 219 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Ал, 2018 жылы 490 251,0 мың теңге бөлінген. 150 адамға несие беріліпті. Нәтижесінде, 250 адам жұмыспен қамтылады деп жоспарлануда.  Қосымша 1,5 млрд. теңге қаржы сұралуда.  

Сондай-ақ биылғы ауылшаруашылық саласын дамтуға бағытталған жоспарларда жоқ емес:

1. Мұнайлы ауданында жылына 1000 тонна өнім беретін жаңа инновациялық технологиямен жабдықталған 3 га жылыжай құрылысы аяқталды. Қазіргі уақытта қосымша кеңейту жұмыстары жүргізілуде. Жоба 2018 бастап іске қосылды. 42 жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

2. 50 тонна қияр шығаратын Қарақия ауданындағы «Сенек» ЖШС базасындағы 0,3 га жылыжай кешені құрылысы. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары аяқталды. 10 жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

3. Жылына 143 млн дана жұмыртқа өндіретін фабрика құрылыс жоспарлануда. 50 жұмыс орны ашылады.

4. Түпқараған ауданындағы Ақшұқыр ауылындағы 3 га жылыжай кешенін кеңейту құрылысы жұмыстары аяқталуда. 15 жұмыс орны ашылады.

5. Ақтау қаласында 2 га жылыжай кешені құрылысы. 15 жұмыс орны ашылады.

6. Түпқараған ауданы құс еті зауыты. 115 жұмыс орны ашылады.

2018 жылға жоспарланған жобалардың инвестициялық құны шамамен 8, 808 млрд теңге құрайды. Барлығы 237 жұмыс орны ашылады.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер