astana-view

Кәсіпкерлерге арналған теориялық сағат

2018 жылғы 13 Наурыз
734 просмотров

Семинарда жергілікті ерекшелік ескерілді

Бейнеу аудандық кәсіпкерлікті дамыту үшін, кәсіпкерлермен мемлекеттік қызметкерлердің басын қосқан семинар өткен болатын. Кәсіптің қыр-сырын меңгеру барысында теориялық білімнің де аздық етпейтінін белгілі. Сондықтан, «Атамекен» микроқаржы ұйымының басшысы Ботагөз Сынабаеваның бастамасымен Бейнеу ауданының экономикалық жағдайын одан әрі жақсартуға қатысты факторлар, ауданның экономикалық-географиялық жүйесін дамытуға арналған идеяларды жүзеге асыру біршама тың ұсыныстар айтылды.

Семинар барысында «Ауданның даму жағдайын диагностикалау», «Ауданды 2016-2020 жылдары инновациялық дамуының серпінді жоғарғы мақсатын қалыптастыру», «Ауданды 2016-2020 жылдар аралығында дамыту үшін инновациялық серпіліс көзқарасын қалыптастыру» тақырыптары қозғалды.

Бизнес пен Биліктің арасындағы байланысты нығайтып, кәсіпкерлік саласына ден қойғандарға қолдау көрсетілу жағы жан-жақты қаралды.

 


Ұқсас жаңалықтар:

8 Тамыз
2024
Қостанай облысы

8 Тамыз
2024
Қостанай облысы

Еншілес ұйымдар

Серіктестер