astana-view

Кәсіпкерлікке баулу мектептен басталады

2018 жылғы 14 Наурыз
- Маңғыстау облысы
5081 просмотров

Жуырда Назарбаев зияткерлік мектебінің 9-11 сынып оқушылары Маңғыстау облыстық іскер әйелдер қауымдастығының төрағасы Сәуле Салиховамен кездесті. 
Кездесуде Сәуле Халелқызы өзінің кәсібі туралы сөз қозғап, тәжірибесімен бөлісті

«Бизнесті құру барысында оңайлықпен ештеңе келмейді. Өйткені кәсіпті ашу, оны жандандыру кез-келген адамның қолынан келеді. Бастысы ниет пен қажырлы еңбектену керек» - сәуле ханым осылайша өз пікірін білдірді. 
Кездесуде оқушылар белсенділік танытып, көкейлеріндегі бизнестегі сұрақтарын жолдап, кәсіппен отбасын қалай бірге алып жүруге болатынын, мамандық таңдауда қателеспеудің жолдарын сұрап білді. 
«Мұндай іс-шаралар мектеп оқушалыры үшін тиімді. Студенттерге де мұндай шаралар артық етпейді. Өндіріс ошақтарына барып, ол жақтың тыныс-тіршілігімен танысып, тәжірибемен алмасқан ешуақытта аздық етпейді. Сондықтан мұндай жиындарды көптеп ұйымдастыру керек » - деп атап өтті Сауле Салихова.

Бұл кездесулердің соңы емес. Маңғыстау облысының іскер әйелдер қауымдастығы наурыз айында тағы 2 жиын өткізуді жоспарлап отыр. Олардың бірі – «НұрШах» сән үйінің негізін қалаушы Нұржамал Нұрпейсова мен Маңғыстау облысының кондитерлер гильдиясының президенті Қарлығаш Қожабаева мен жиын өтпек.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер