astana-view

«ShymkentBuild-2018» бизнес-серіктестікті кеңейту мүмкіндігі

2018 жылғы 14 Наурыз
- Шымкент қаласы
3818 просмотров

Оңтүстікте өткен көрмеде құрылыс саласына жаңа технологияларды енгізу мәселесі талқыланды

Шымкентте Оңтүстік-Қазақстан құрылыс индустриясы басты шараларының бірі – жыл сайынғы «ShymkentBuild-2018» көрмесі өтуде. Көрмеге нарықтың өзекті ұсыныстарын, құрылысқа, жөндеуге және әрлеуге арналған заманауи материалдар мен жабдықтарды көрсетуге дайын Қазақстан, Өзбекстан және Ресей өндірушілері мен жабдықтаушылары қатысуда.

Үш күнге жоспарланған іс-шараның мақсаты құрылыс саласында алдыңғы қатарлы технологияларды жетілдіру, отандық және шетелдік кәсіпорындардың жетістіктерін насихаттау, мемлекеттік органдар мен қаржы институттары, ғылым және бизнес арасында көпір құру болып табылады.

Шымкент қаласы шараны өткізу орны болып таңдалғаны кездейсоқ емес екенін айту қажет, себебі бұл қала жоғары бизнес-белсендігі бар мемлекеттің үшінші мегаполисі десе болады.  Бұл жерде «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 4,8 млн. ш.м. құрылысы, жалпы көлемі 428 га «Shymkent City» жаңа ауданының құрылысы және т.б. сияқты республикалық көлемді өршіл жоспарлары іске асырылуда. 

Көрмеде ұсынылған өнімдердің түрлері, яғни, полиуретан мен пенополистиролдан өндірілген қасбеттік зер, су эмульсиясы, әліпмай, құрылыс ағашы, гипс-қатырма, құрғақ құрылыс қоспалары, цемент, аквапанельдер, акустика, қалып жүйелері, жаппа және қабырға сэндвич-панельдері, сантехника және санфаянс, полипропиленнен, полиэтиленнен және ПВХ-дан өндірілген құбырлар және құбырларды біріктіргіш бөлшектер, қазандық жабдығы, жылумен, сумен қамтамасыз ету жүйелері және кәріз жүйесі, т.б. көпшілікті тәнті қылды.

Дизайнерлер мен құрылысшылар, архитекторлар мен жеке клиенттердің назарларына барлық қатысушылар өнімдердің кең түрлерін дайындап, компаниялардың ассортиментін көрсетті, маусымның жаңалықтарымен таныстырып, ары қарайғы ынтымақтастық үшін мүмкіндіктер туралы сөз етілді.

«Мемлекеттер арасындағы жаһандану және өзара байланысты экономикалық қарым-қатынастар жағдайында таңдаулы отандық және шетел мамандармен тиімді тығыз ынтымақтастық стратегиясы қажет. Сондықтан  ShymkentBuild көрмесін өткізу тек қана қаланың емес, бүкіл Оңтүстік-Қазақстан облысының, шекаралық аймақтың, және жақын көрші елдер – Өзбекстан мен Қырғызстанның құрылыс секторындағы жыл сайынғы маңызды оқиға болып табылады. Көрме экспоненттерге көптеген бизнес-келушілерді өз өнімімен таныстыру, сол сияқты жаңа әлеуетті сатып алушыларды табу мүмкіндіктерін береді» - деп атап өтті ОҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Асқар Әбубакіров, көрме ұйымдастырушысы ретінде.

 Көрмеде қатысушылар құрылыс саласындағы өзекті мәселелерді талқылай алатын «Құрылыс саласына жаңа технологияларды енгізу» конференциясының өткізілуі  ShymkentBuild 2018  көрмесінің айқын сипаттарының бірі болып табылады.  

Олардың бірі – қазақстандық тауарлардың өзбек әріптестердің ұқсас тауарлары алдында бәсекеге қабілетсіздігі мәселесі, себебі Өзбекстан тарапынан  жоғары акциздік салық түрінде кедергілер бар.

«ОҚО - бұл 30 миллион тұрғыны бар Өзбекстан Республикасымен шекаралас аймақ. Бұл қазақстандық өндірушінің кең нарығы. Алайда, қазақстандық өнім экспортының үлесін ұлғайту үшін Өзбекстан тарапынан салық ауыртпалығы түріндегі кедергілер бар», – деп атап өтті көрме ұйымдастырушылары.

Мысалы, Шымкенттегі «Зерде-Керамика» ЖШС өз өнімдерін Өзбекстанға экспорттауға жібереді, салыққа 18% төлейді, алым 80% -ды құрайды, сонымен қатар, бұл елде тарнзит қымбат болғандықтан, нәтижесінде қазақстандық өнімдердің қымбаттауына және Өзбек тауарларының алдында бәсекеге қабілетсіздігі салдары туындайды. Сонымен қатар Өзбекстанда керамика өндіретін 6 зауыт бар екендігін атап өту керек, ал Қазақстанда мұндай өндіріс жалғыз. Осыған ұқсас мәселелер басқа құрылыс компанияларында да кездесуде.

Осыған байланысты, құрылыс компаниялары екі елдің үкімет деңгейінде экспортталатын қазақстандық тауарларға Өзбекстандағы акциздік салықты төмендету туралы мәселені қарастыру ұсынылды.

Еске салайық, «ShymkentBuild 2018» үш күнге жалғасады. Шара ұйымдастырушысы – ҚР инвестициялар және даму Министрлігінің, ОҚО Әкімдігінің, ОҚО Кәсіпкерлер Палатасының, ТКЖ КазОрталығының, ҚР және ОА құрылысшылар Одағының, Қазақстандағы РФ сауда өкілдігінің қолдауымен  қазақстандық Iteca көрме компаниясы болып табылады.  

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер