astana-view

Кедергілер барынша азаю керек

2018 жылғы 16 Наурыз
- Маңғыстау облысы
4442 просмотров

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша облыстық кәсіпкерлер жиыны өтті

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, кәсіпкерлікті дамыту мақсатында кедергі болатын мәселелерге тосқауыл болу мәселесі ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті мен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы басшылығының қатысуымен өткен басқосуда кеңінен талқыланды.

Көптің пікірі тыңдалып, кәсіпкерлердің ұсыныстары талқыланды. Өз ойларын облыстық, қалалық және аудандық мәслихат депутаттарымен бизнес-қауымдастық, азаматтық қоғам және мемлекеттік органдардың өкілдері, арнайы мониторинг және мобильдік топтарының мүшелері білдіріді. Естеріңізде болса, кәсіпкерлердің басын қосқан Республикалық І форум 2016 жылы өткен еді. Нәтижесінде, қос тарап «Атамекен» және Агенттік арасында ынтымақтастық туралы Келісімді жүзеге асыру бойынша Жол картасына қол қойды. Сондай-ақ, жиын барысында сыбайласып кәсіпкерліктің дамуына тосқауыл қойылған кезде, жасалатын әрекеттер талқыланды. Мәселен: 
лауазымды тұлғалардың бизнес қызметіне заңсыз араласуы үшін жауапкершілікті күшейту; мемлекеттік аппараттың клиентке бағдарлануы, оның ашықтығы және бизнес-үдерістерді автоматтандыру.
Бизнестің бұрын-соңды басы-қасында жүргендердің пікіріне сүйенсек, бейресми төлемдер мен парақорлыққа жол бергендердің қатарында болғаннан гөрі, қылмыстың алдын алып, тиісті органдарға хабарлаған абзал – длейді. Сөзден іске көшкен қатысушалыр, «Жемқорлықтың алдын алу керек» дегеннен гөрі, тақырыпқа байланысты арнайы даярланған бейнороликті тамашалап, өз ойларын ортаға салды. 
Жалпы, қоғам қазір сыбайлас жемқорлықпен күресуді күшейтті. Ол қай сала болмасын, оның алдын алу үшін жасалып жатқан жұмыс көп. Тіпті, әлеуметтік желілерде ресми парақшалар, ресми сайттар қазір қаптап кеткен. Мектеп, Жоғары оқу орындарында түрлі деңгейде кездесулер өткізіліп, арнайы бейнероликтер, фильдер дайындалыпта жүр. Мұның барлығы қоғамда орын алып жатқан келеңсіз мәселелерге жол берілмей, қай сала болмасын соны дамыту үшін жасалып жатқан әрекеттер деуге болады. Мейлі ол кәсіпкерлік саласы болсын, мемлекетік қызмет болсын. Сондықтан жұмыла көтерген жүктің жеңіл екенін естен шығармаған игі.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер