astana-view

Қостанай бизнесмендері экспорттағы кедергілер туралы шағымданды

2018 жылғы 16 Наурыз
- Қостанай облысы
5892 просмотров

Өңірлік экспортты дамыту және ұлғайту мәселесіне қатысты жиын өтті. Босқосуда экспорттайтын кәсіпорындар тап болатын түйткілді мәселелер талқыланды. Қордаланған мәселелер қатарында сертификаттау мерзімінің ұзаққа созылуы, вагондардың жетіспеушілігі мен темір жолдағы тоқтап қалу бар.

Қостанай облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиевтің айтуынша 2017 жылы сыртқы сауда Қазақстанға 2 млрд доллар пайда түсірген. Бүгінде Қостанай облысы өзге облыстармен салыстырғанда экспорт көлемі бойынша 11-орында.

«Қостанай облысы 60-тан астам елдермен сыртқы сауда байланысын орнатқан. Негізінен Ресей, Қытай, Ауғанстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Иран елдеріне шығады. Экспортта негізгі 4 өнім көшбасында: бидай, ұн, темір рудасының өнімі мен асбест. 2017 жылы темір рудасы өнімінің экспорт көлемі 26, 3 %-ға артты, асбест – 4,7%-ға. Бидай мен ұн экспорты 7,9 % және 1,2 %-ға кеміді. Негізгі себебі Ресей Федерациясының бидай жинауы рекордтық көрсеткішке жетті, былтыр көлік-логистикалық қызмет шығыны жоғары, одан кейін вагондардың жетіспеушілігі мен уақытылы берілмеуі экспортталатын өнімге және бәсекелік қабілетіне әсер етеді», – деді Мейіржан Мырзалиев.

«Костанайский мелькомбинат» АҚ директоры, Өңірлік кеңес мүшесі Александр Микеткидің айтуынша, қазіргі таңда вагон мәселесі шешілген – қаңтардағы қауырт артта қалған. Алайда қаңтар айында жаңа кедергі пайда болған.

«Азық-түлік корпорациясы бидай бағасын 3 теңгеге қымбаттатты,  экспорттың барлығы тоқтады. Бидай бағасы қымбаттаған сайын Ауғанстанға ұн экспортының нарығын жоғалтамыз. Бұл біздің негізгі сатып алушымыз. Соңғы рет 2 апта бұрын Белокурихада өткен бидай конференциясында Қазақстанға 650 000 тонна бидай кіргені айтылды. Азық-түлік корпорациясы 120 000 тоннасын сатып алды. Яғни біздің шаруамыздан алынатын бидай басқа біреуден алынады», – деп хабарлады Александр Микетка.

Ірі қара мал бордақылаумен айналысатын «Тэрра» компаниясында өзге бір мәселе туындаған. Ет өнімін шет елге шығаруға қажетті сүйемелдеу құжаттарын рәсімдеу кем дегенде 5 күнге созылады, ал тоңазытылған сиыр етінің сақтау мерзімі бар болғаны 16 күн.

«Ең алдымен біз сынау хаттамасын рәсімдеу керекпіз, – деп түсіндірді «Бидай өнімі» агрохолдингінің бас директоры Дәулет Ахметқалиев. – Қостанай облысында аккредиттелген жалғыз зертхана «Облыстық ветеринарлық зертхана» РММ Заречный ауылында орналасқан. Ол Қарабалық ауылынан 150 шақырым қашықтықта. Үлгілерді сынау 4 күнге созылады. Одан кейін ветеринарлық сертификатты рәсімдеу керек. Ол Қарабалық аулындағы аумақтық инспекцияда беріледі. Одан кейін тауар шығарылған жер туралы сертификатты (СТ-1) Қостанай облысы кәсіпкерлер палатасынан аламыз. Осыдан соң Қостанай облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментіне шот-фактура тіркеледі. Еске салсам, тоңазытылған сиыр еті 16 күн бойы ғана сақтауға жарамды. Нәтижесінде 11 күн ғана қалады, бұл Ресей аумағындағы бәсекеге қабілеттілігімізге үлкен әсер етеді».

Баяндама соңында Дәулет Ахметқалиев ұсыныс білдірді – «Терра» ЖШС орналасқан Қарабалықта барлық құжаттарды беруді ұйымдастыру. Бұл тауар рәсімдеу мерзімін айтарлықтай қысқартар еді.

Сертификаттау саласында «бір терезе» қағидасын енгізу ұсынысын «Промбаза-7» ЖШС директоры Мұхаметжан Акулов айтты.

«Сертификаттауға көп уақыт жұмсалады. Мемлекеттік құрылымдарға барып, ешкімге қажеті жоқ анықтамаларды жинау керек. Сертификаттарды алу мерзімін барынша қысқартуды қалаймыз. Сонымен қатар темір жолда да мәселеге тап болдым. Тауар тиелген вагон шекараға 30-дан 44 күн аралығында жетеді, ал қайтар жолына 4 күн ғана кетеді. Тасымалдау уақытында біздің майдың сапасы төмендейді».

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов барлық ұсыныс үкіметтің қарауына жолданатынына уәде берді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер