Тасымалдаушылардың мәселесін бизнес-омбудсмен өз қолына алды
Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Болат Палымбетов тасымалдаушыларды қосымша салықтан босатуды сұрап сотқа жүгінбек
Бұл жайында кеше бизнес-омбудсменнің Өскемен қаласына жасаған сапары барысында белгілі болды, ол қалалық бағыттарға қызмет көрсететін төрт қоғамдық көлік тасымалдаушылардың басшыларымен кездесті. Олар «БЭСТ АКЦ» ЖШС, «Вебас» ЖШС, «Воска» ЖШС, «Рост» ЖШС.
Тасымалдаушылардың проблемалары 2016 жылы басталғанын айта кетейік, онда ШҚО МКД тексеру қорытындысы бойынша қосымша салық салған, оның сомасы өсімпұлды қоса есптегенде, 5 млрд. теңгеге жетті. ШҚО кәсіпкерлер палатасы қосымша салық заңсыз салынды деп есептейді.
Қазір Өскеменнің ірі кәсіпорындарының басшылары айтқандай, үлкен қарыздармен жолаушылар тасымалын жүзеге асыру қиынға соғуда. Және бұл қаржылық қиындықтардың салдарынан, белсенділік аз кезде тасымалдауды тоқтату арқылы жұмысты оңтайландыруға тура келіп тұр.
Айта кетейік, олардың жоғары мемлекеттік салық кесірінен сотқа жүгінуге мүмкіндіктері болмаған. Нәтижесінде сотқа қосымша салық салудың күшін жоюды сұрап Өскемен қаласының прокуроры берген, бірақ сот қадағалау органының өкілі оны өкілеттіктерге ие емес деп шешті. Енді Қазақстанның бизнес-омбудсмені кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға ниетті.
«Бүгінгі таңда менде заң бойынша өкілеттілік бар, сондықтан да ертең ешқандай мәселе туындамасын деп мен мұнда арнайы келдім. Біз барлығы заңды түрде болғанын қалаймыз. Ертең сотқа арыз беремін», - деді Болат Палымбетов.
Ол сондай-ақ жолаушылар тасымалдау мәселесі елдің барлық өңірлеріне қатысты екенін және республикалық деңгейде талқыланып жатқанын атап өтті.
«Біз Өскемендік тасымалдаушыларды мәжбүр еткен шаралар уақытша деп сенеміз», - деді өз кезегінде ШҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Игорь Шацкий.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: