astana-view

Ұлттық құндылыққа тәрбиелейтін гаджеттер

2018 жылғы 20 Наурыз
- Астана қаласы
3307 просмотров

Астанада ұлттық тәрбиелік маңызы бар «Ақылды қоян» мен «Дана қалам» электронды оқулықтар сатылымға шықты

Мұндай бірегей оқулықтардың авторы астаналық кәсіпкер  Жанар Мырзағалиева. Оның айтуынша осындай оқу құралдарын шығару арқылы, балаларды кішкентай кезінен ұлттық салт-дәстүрге баулуды мақсат еткен.

Кәсіпкер ойлап тапқан электронды оқулықтың  бірі "Ақылды қоян" деп аталады. Оның әдеттегі ойыншықтардан айырмашылығы   онда  қазақ халық ертегілері, мақал-мәтелдері, Абай өлеңдері, тыйым сөздер, ұлттық атауларға берілетін түсінік топтамасы  болғанында.  Қоян түрлі-түсте жанады, мұнымен қоса бөлмеге жарық  та түсіреді. Жанар Мырзағалиеваның тағы бір инновациялық жобасы "Дана қалам", бұл қалам 8 кітабымен қоса беріледі. Қаламды кітап бетінде жүргізген бойдан,  мұндағы  әріптер,  сан-алуан ертегілер, балалар өлеңдері мен салт-сана білімдерді қазақ және ағылшын тілдерінде  дыбыстап айтылады.

«Бұл идеяны жүзеге асыру алғаш рет мені ана ретінде толғандырлды,  себебі елімізде сапалы ойыншықтар жоқтың қасы.  Ал, бұл оқу құралы ойыншық ретінде де, оқу құралы ретінде де пайдаланылады, әрі  тәрбиелік маңызы өте зор. Қазіргі сатылымдағы оқу құралдары ойластырған жоспарларымыздың басы  ғана,  кәсібіміз өрге домалап жатса, мұндай оқулықтардың түр-түрін шығарамыз»,- дейді кәсіпкер. Атап айту керек,  аталмыш оқу құралы  3-12 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған.

Жанар, Астана қаласы кәсіпкерлер палатасында «Бизнес кеңесші»  бойынша  білімін шыңдаған. Соның арқасында кәсіпті қалай жүргізу керектігін үйреніпті. Алдағы уақытта ол қайтарымсыз грант алуды көддейді. Наурыз мерекесі қарсаңында бұл бастамасы астаналықтар арасында үлкен қолдауға ие болатынына ол сенімді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер