astana-view

Батыста бос жер учаскілері инерактивті картасы әзірленуде

2018 жылғы 24 Наурыз
- Батыс Қазақстан облысы
7864 просмотров

Батыс Қазақстан облысында «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бастамасымен бос жер учаскілері бойынша интерактивті картаны әзірлеу қолға алынды

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Үкімет және жергілікті атқарушы органдар алдында 7 бастама көтерген болатын. Біріншісі – бос жер учаскілері, аукциондар және байқаулар бойынша интерактивті картаны әзірлеу. Тағы бірі – саудаға арналған орындарды ұсыну.

Жұмыс кездесуі барысында жергілікті атқарушы органдар өкілдерімен қатысуымен осы бағытта өңірлік деңгейде қандай жұмыс атқарылып жатқаны талқыланды.

Бірінші кезекте кездесуге қатысушылар атқарылған жұмыс бойынша нақты ақпарат қажет екенін айтты. Орал қаласы әкімдігінің ресми сайтында «Нәдір» ЖШС-мен әзірленген Электронды карта жарияланған. Оған қаланың бас жоспары, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы енгізілген, ал бос жер учаскілері жайында ақпарат жоқ. Мәселе осында жатыр. Кәсіпкерге арналған онлайн көмек жоқ, яғни бизнеске қолдануға болатын бос учаскілері жайында ақпарат жоқ.

Жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің айтуынша Электронды картада қызыл жолақтармен қаланың келешектегі дамуы, оның ішінде көше мен жолдардың желісі де көрсетілген. Ал бос жер учаскілері жайында ақпарат өткізілген аукциондар немесе байқаулардан соң ғана жария етіледі. Бүгінде егжей-тегжейлі жоспарлау бойынша жобалар бар, мәселен, Солтүстік-Шығыс пен Рыбцех бағытында. Бос жер учаскілері ол аумақта бар, ал оларды инженерлік желілерді жүргізген соң ғана жария етеді. Екі егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы бекітілді, оның бірі – Солтүстік-Шығыс жақта, бұл учаскілер негізінен көпқабатты үй салуға арналған.

 Қалалық әкімдік өкілдерін тыңдаған соң, Өңірлік кәсіпкерлер палатасы сарапшылары мен кәсіпкерлер аталған Электронды картаны жетілдіру керек деген шешімге келді. Бұл «Атамекен» ҚР ҰКП бастамасын жүзеге асырудың бірінші кезеңі ғана. Әкімдік өкілдері аталған мәселені Жерге орналастыру жөніндегі қазақ мемлекеттік жобалау институтымен бірлесіп шешуді ұсынып отыр. Әзірге бұл мәселе ашық күйінде қалып тұр.  Өңірлік кәсіпкерлер палатасы бұл бағыттағы қозғалысты ары қарай жалғастырмақ.

Былтыр Орал қаласы әкімдігімен қоса БҚО Жер қатынастары басқармасы қостанайлық «Госзакупщик» ЖШС-мен Электронды интерактивті карта әзірлеу  бойынша шарт жасасады. Онда бос жер учаскілері бойынша толық ақпарат, өткен және жоспардағы аукциондар мен байқаулар жайында мәлімет болуы көзделді. Кездесудің қатысушылары аталған Картаны қарауға мүмкіндік алды, әзірлеушілер үш айда атқарылған жұмыс жайында есеп берді. БҚО ӨКП директорының құқық мәселелері бойынша орынбасары Нұржан Мақсотов бұл бастаманың қажеттілігін айтты. Әр аудан бойынша, яғни ауыл шаруашылығына арналған бос жер учаскілері, сонымен қатар жерге кезекте тұрғандар бойынша да ақпарат бар.

 «Көше саудасына келсек, Қалалық кәсіпкерлік бөлімі мәліметі бойынша Оралда саудамен айналысуға шектеу жоқ. 2017 жылы шамамен 60 рұқсат берілген, 2018 жылдың 3 айында 8 рұқсат берілген. Ал астаналық тәжірибе бізге келмейді өйткені шығындар өзін ақтамайды. Бұл қымбатқа соғады да 1 млн-нан 3 миллион теңгені құрайды. Көше саудасы бойынша мәселе туындап отырған жоқ. Егер кәсіпкер ережелер мен санитарлық нормаларды дұрыс орындаса, онда жыл сайын рұқсат автоматты түрде жалғаса береді», – деді Нұржан Мақсотов.

 Айта кетелік, жоғарыда айтылған бастамаларды жүзеге асыру бойынша  БҚО әкімдігінің қаулысы бар. Берілген мәліметтер негізінде «Атамекен» ҚР ҰКП-ға өңірлік деңгей бойынша атқарылып жатқан жұмыс туралы ақпарат беріледі.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер