astana-view

Қайырымдылық жасау – игі іс

2018 жылғы 21 Наурыз
- Павлодар облысы
2946 просмотров

Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мұрындық болуымен бүгінде еліміздің түпкір-түпкірінде  «Атамекенім» акциясы өтіп жатыр

Аталмыш акцияның басты мақсаты – қайырымдылық жасау, жақсылыққа шақыру идеясын таратып, әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға үлес қосқан кәсіпкерлердің үлесін бағалау, ынталандыру. Дәл осындай игі шара Қашыр ауданында да қолға алынды

Қашыр аудандық Кәсіпкерлер палатасының  қолдауымен Тереңкөл ауылындағы Қатша Оспанова атындағы білім ордасында  2017 жылғы Павлодар облысы іскер Әйелдер кеңесінің өткізген «Үздік тауарлар» өңірлік көрме байқауының жүлдегері, жеке кәсіпкер Сымбат Қиялбаева  осы мектепте білім алып жатқан  жетім балаларға  арнап,  Наурыз мерекесі қарсаңында қайырымдылық шарасын өткізді. Бұл шараға жергілікті кәсіпкерлер Палатасының өкілдері де қатысты.

 Өз ісін жетік білетін еңбекқор кәсіпкер ауданда өтетін түрлі қайырымдылық шараларға белсенді қатысып отырады. Оның айтуынша,  көмекке мұқтаж жандарға болысу, қолдау таныту имандылық пен адамгершіліктің белгісі.   Ол қазіргі күні осы мектепте асхананы жалға алып отырған жайы бар.

«Жетім көрсең, жебей жүр», деп атам қазақ бекер айтпаса керек. Мереке барысында жеке кәсіпкер балаларды келе жатқан Наурыз мейрамымен құттықтап, арнайы мерекелік сыйлықтарын тарту етті. Бұл күні жеткішектер  қазақ ұлттық тағамдарынан дәм татып, сыйлықтарын алып, рақметтерін айтып, мәз-мейрам болды. Осындай сауабы мол игі істер Қашыр ауданында әрі қарай да жалғасын таппақ. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер