astana-view

Бизнесмендер өздері қамқорлыққа алған балаларды құттықтады

2018 жылғы 26 Наурыз
- Солтүстік Қазақстан облысы
9989 просмотров

Мәмлүт ауданының бизнес өкілдері өз қарауындағы ерекше қамқорлыққа зәру балаларды Наурыз мейрамымен құттықтады

Наурыз мейрамы қарсаңында аудандағы психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде думан болды. Балалар қамқоршы-қонақтарды ерекше ықыласпен күтті, өйткені олар әрқашан сыйлықтармен келеді. Осы жолы қамқоршылар орталыққа жиһаз әкелді: эмоциялық ауытқулары бар балалармен жаттығу жасауға арналған үстелдер, топтық жаттығуларға арналған үстелдер, түрлі түсті магнит мальберттер, ойыншықтарға арналған түрлі-түсті комодтар, жеке жаттығуларға арналған үстелдер, түрлі-түсті орындықтар көздің жауын алды. Жаңадан келген ойыншықтар балаларды ерекше қуантты, үлкен машиналар, велосипедтер, ойыншық аттар, конструкторлар жаңа жиһазды жайната түскендей әсер қалдырды. Ал балалардың сенсорлық дамуы үшін демеушілер арнайы жолақ пен жұмсақ модульдерді сыйға тартты.

«Новомихайловское-2003» ЖШС атқарушы директоры Геннадий Щеголев басқаратын аудандық кеңес отырысының бірінде және жеке кәсіпкер Антонина Севостьянова жетекшілік ететін Іскер әйелдер кеңесінде түзету кабинетіне бару туралы ұсыныс айтылды. Мақсат – сол жерде тәлім алып отырған бүлдіршіндердің мәселелрін білу; өйткені бұл түзету  орталығының функциясы артқан, енді мұнда арнайы білім қажеттіліктері бар 7 жасқа дейін балалар да қабылданады. Осылайша біз ерекше балаларға арнайы жиһаз қажет екенін білдік. Бұл мәселені аудан кәсіпкерлері шешіп берді», – деді ӨКП аудандық филиалының директоры Нина Василенко.

 Орталыққа көмектескен «Атамекенім» акциясын қолдаған демеушілер қатарында Раиль Мендеев, Вячеслав Щеголев, Алексей Бредун, Алла Синяковская, Любовь Антоненко, Антонина Севостьянова, Розалия Мендеева, Вера Дымкова, Нина Василенко, Людмила Сусвило бар. Жалпы қажетті жиһазды жасап, орталыққа жеткізген жеке кәсіпкер – Владимир Ульянов.

Аудандағы психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттің жетекшісі Юлия Кудрявцева өз ұжымы және балалардың атынан демеушілерге шын жүректен алғыс айтты. Осылайша көптің көмегімен Наурыз – жыл басында бүлдіршіндерге үлкен сый жасалды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер