astana-view

Мамандар көмегі

2018 жылғы 30 Наурыз
950 просмотров

Маңғыстаулық шаруаның мәселесі «Атамекеннің» ықпалымен шешілді

Маңғыстау ауданының тұрғыны, «Жанарыс» шаруа қожалығының жетекшісі Жауынбай Бергенқұлов «Тасым» және «Мастек» жерлерінде шаруа қожалығын жүргізу үшін 2013 жылы 700 га жер телімін аудан әкімдігінен он жыл мерзімге жалға алған. Алайда баққан малы мен тұрмысына қажет су көзінің болмауы шаруаны біраз әбігерге салады. Мәселенің шешімі жер телімі жанынан өтетін «Сай-Өтес – Бозашы» су құбырына келіп саяды. Осы үмітпен аталған магистралды су құбырына иелік ететін «ҚазТрансОйл» АҚ-ның атына шаруа қожалығын су құбырына қосуды сұрап, бірнеше мәрте арыз жазады. Мұнай мен су тасымалдаушы мекеме тарапынан алған жауабы: «сұратылып отырған су көлемі құбырдың толыққанды жұмыс істеп, басқа тұтынушыларға қажетті мөлшерде жеткізілуіне кедергі келтіреді». 


Десек те жауаптың техникалық себебіне күмән келтірген шаруа бірден «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының көмегіне жүгініп, хат жазады. Нәтижесінде бар-жоғы бір айдың ішінде кәсіпкер Жауынбай Бергенқұловтың қордаланған мәселесі шешіліп, шаруа қожалығына тартылатын су құбырының техникалық шарты жасақталды. Осылайша кәсіпкердің мәселесі «Атамекен» ӨКП заңгерлерінің «ҚазТрансОйл» АҚ-мен жүргізген келіссөздерінің арқасында толықтай оң шешімін тапты.

«Жанарыс» шаруа қожалығының жетекшісі Жауынбай Бергенқұлов «Атамекен» ҰКП ұжымына шексіз алғысын білдірде кетті.


Ұқсас жаңалықтар:

8 Тамыз
2024
Қостанай облысы

8 Тамыз
2024
Қостанай облысы

Еншілес ұйымдар

Серіктестер