astana-view

Кәсіпкерлерге берілген зор мүмкіндік

2018 жылғы 02 Сәуір
- Павлодар облысы
1284 просмотров

Президенттің Бес әлеуметтік бағдарламасы 

    Елбасы ұсынған «Әлеуметтік бес бастама» халықтың әлеуметтік жағынан қолдауға бағытталып отырғаны белгілі. Әсіресе маған қатты әсер еткені –  ауыл тұрғындарына деген қамқорлық. Өйткені мемлекеттің бүгінгі басты міндеттерінің бірі – жаппай кәсіпкерлікті дамыту. Оның ішінде әсіресе ауылдық жерлерде.  Енді биылдан бастап ауыл шаруашылығына бөлінетін несие көлемін арттыру көзделіп отыр. Осы бастаманың арқасында алдағы уақытта  мыңдаған ауыл тұрғыны өз кәсібін ашуға жақсы мүмкіндік алады.

Елбасы өз бағдарламасында атап өткеніндей, 2018 жылы «Шағын несие беруді көбейту» атты төртінші бастамаға қатысты, өзін-өзі еңбекпен қамтыған және жұмыссыз тұрғындардың арасында жаппай кәсіпкерлікті дамыту үшін Үкімет тарапынан  қосымша 20 млрд теңге бөлінеді. Сөйтіп, шағын несие алатындар саны 2 есе өсіп, 14 мыңға жетеді деп күтілуде. Соның нәтижесінде еліміздің жалпы өнімділігі шағын орта бизнестің үлесін 50 пайыздан кем қылмауға бағытталған стратегиялық мақсатымызға тағы бір табан жақындай түсеміз.

Мысалы, биыл «Бастау-Бизнес» бағдарламасы бойынша Қашыр ауданында  арнайы курстан 130 адам оқып, сертификат алатын болады.  Әрі қарай олардың өз бизнесін бастау үшін Үкімет тарапынан қомақты қаржы алуға мүмкіндіктері бар. Бұл деген  ауылдық жерлерде жаңа жұмыс орындары көбейіп, ең бастысы өз жеке ісін ашамын деушілер қатары өседі. Шағын несие көлемі артып, ауылдағы кәсіпкерлік жан-жақты қолдау табады.

Ауыл-аймақтардағы кәсіппен айналысамын деген жандарға қол қусырып отырмай, қарекет  жасағандары дұрыс. Қарапайым халық көптен күткен, кәсіпкерлерге пайдалы мәселелер оң шешімін табары сөзсіз. Елбасы атап берген бес бастама барша қазақстандықтардың ертеңгі күнге сенімдерін нығайтып, қанаттандыра түсетін қуатты қамқорлық деп білемін.

       М.Омаров, Павлодар облысы
Кәсіпкерлер Палатасы
Қашыр ауданы филиалының директоры

Еншілес ұйымдар

Серіктестер