astana-view

WorldSkills: Қостанайда алғаш рет жас графикалық дизайнерлер сайысқа түсті

2018 жылғы 02 Сәуір
- Қостанай облысы
5942 просмотров

29-30 наурызда Қостанайда жұмысшы мамандығын алған жастар сайысқа түсетін WorldSkills чемпионаты өтті. Бұл әлем бойынша 60 жылдан бері өткізіліп келе жатқан ауқымды шара. Қазақстанда енді-енді қолға алынып келеді. Дегенмен Қостанай жастарының республикалық деңгейде мақтанатындай деңгейде.

Биыл өңірлік чемпионатта жаңалық бар – жас мамандар графикалық дизайн бойынша сайысады. Жас дизайнерлер Қостанай политехникалық жоғары колледжінің базасында жарысты.

Үздіктерді анықтап, ынталандыру мақсатында Қостанай облысы кәсіпкерлер палатасы «Аква-Арасан» ЖШС мен «Kazna Sakenovna» сұлулық салонын демеушілік көрсетуге шақырды. Бұл фирмалардың өкілдері Қостанай, Лисаковск, Арқалық және Жетіқара колледжі студенттерінің алғашқы тапсырыс берушілеріне айналды. Бағалау жүйесі өте күрделі – студенттердің баспалық өніміне сбуъективті және объектитвті әділ қазылардан құралған екі топ бағалады.

Алдымен тәжірибешілер жұмыстың қарпіне, сонылығына және орындалуына назар аударды. Ал теорияның мамандары жұмысты асқан байыппен қарады – қорап, презентерлер мен күнтізбені сызғышпен өлшеп, әрбір миллиметр үшін дауласты.

Қазылардың тағы да үшінші тобы болды – демеушілер. Тапсырыс берушілердің талғамы талас тудырмайтыны белгілі.

Қазылық барынша ашық та әділ өтуі үшін байқауға қатысушылардың есімі құпия сақталды – қазылар алқасы тек нөмір арқылы бағалады. Әрбір санатта байқауға қатысушыға жаңа нөмір беріліп отырды.

«Маған 7-нөмірлі қатысушының визитка, күнтізбе мен презентері ұнады», – деді «Аква-Арасан» ЖШС сапа жөніндегі инженері Салтанат Ибраева. –  Зауыттың суреті қолданғанына өте жақсы. Барлығы бірдей қолданбаған. Екінші артықшылығы – ашық бояу пайдаланғанында. Басқа қатысушыларға қарағанда бұл сайыскер көк түспен шектелмеген».

«Kazna Sakenovna» сұлулық салонының әкімшісі 8-нөмірлі қатысушының жұмыстарын ұнатты.

«Бұл түс бізге келеді. Кораптар өте әдемі, журнал да ашық түсте», – дейді Ұлбосын Көшербаева.

Марапаттау салтанатында демеушілер ақылдаспастан Қостанай политехникалық жоғары колледжінің 4-курс студенті Анастасия Осакованы таңдаған. Оған «Технодом» электроника дүкені мен «Kazna Sakenovna» сұлулық салонының сертификаттары табысталды.

«Мен бұл байқауға бір ай бойы дайындалдым. Менің ынтамды, жеңіс жолындағы талпынысымды жоғары бағалағандарына алғысым шексіз», – дейді Анастасия Осакова.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер