Облыста шағын бизнес субектілері 4,6%-ға өсті
Маңғыстау облысы шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өсу қарқыны бойынша үздік 10 аймаққа енгізілген. Бұл туралы Finprom.kz. сайты хабарлайды. Өткен жылмен салыстырғанда облыстағы шағын бизнес субъектілерінің саны 4,6% -ға өскен, бұл өңірдегі кәсіпкерлік саласының даму қарқынының жоғары екенін көрсетеді. Жыл басынан бері облыста 4200 шағын бизнес субъектілері тіркелсе, былтыр бұл көрсеткіш 4000-ға дейін болатын.
Ал енді еліміз бойынша сандарды сөйлетейік:
Шағын бизнестің саны осы уақытқа дейін 6,5 мыңға дейін ұлғайса, бір жылда 138,4 мың (+ 4,9%) болған. Бесжылдық өсім 41% болды. Сонымен қатар, тіркелген кәсіпорындардың жалпы санынан шағын кәсіпкерлік субъектілерінің үлесі 34,7% -дан 33,9% -ға дейін төмендеді.
Жаңа, бірақ белсенді емес шағын компаниялардың саны жылына 16% -ға өсіп, 42,8 мыңға жетті.
Жалпы алғанда, еліміз бойынша шағын бизнестегі заңды тұлғалардың саны жылдан-жылға артып келеді және ағымдағы жылдың көктемінде 254,4 мың адамға жеткен. 2013 жылдан бастап олардың өсімі 93,1 мыңды құрады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: