astana-view

Ертіс ауданынан «Бастау» түлегі темір ұстасы ісін дамытуда

2018 жылғы 09 Сәуір
1255 просмотров

Ертіс ауданында «Бастау» жобасы бойынша  «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында 207 адам оқыған.   Солардың ішінен   22 қатысушы  бизнесті дамыту мен  кеңейту мақсатында   77,1 млн тенге сомасына қаржыландыру алған.

Солардың бірі – Аманжол Алтыбаев. Бастауыш кәсіпкер жастайынан бастап темір ұсталығымен айналысқан.  Алғашқы бұйымдары қарапайым болған,  себебі қолдағы бар заттардан жасаған. Кәсіби құрал-жабдығын сатып алуға  мүмкіндігі болмаған.  

Бағына қарай, 2017 жылы жас адам жергілікті баспа газетінде  мақаланы көрген, ол мақалада «Бастау» аясында  тұрғындардың  оқудан   өту үшін  «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы  туралы жазылған болатын.    

«Бастау»  жобасы бойынша менің білгенім, бизнесті жүргізуде тәжірибе алу мүмкіндігі бар,   содан кейін  өз ісіңді ашу үшін  жеңілдетілген несие алуға болады. Бұл бағдарлама мені қызықтырды», – дейді Аманжол Алтыбаев.

  Ісін жүзеге асыру үшін ол  Ертіс ауданының кәсіпкерлер Палатасы филиалына өтінім жасаған.    

«Бастау» курсын тәмамдаған Аманжол Алтыбаев  комиссия алдында жобасын  жақсы қорғап, токарь станогын сатып алуға 1,5 млн теңге көлемінде  несие алған. Филиал менеджерлері жобаны өткізуде жәрдем көрсеткен,   бизнес-жоспар құрған, соңғы нәтижесіне дейін жеткізген», – деді Ертіс ауданының кәсіпкер Палатасы филиалының директоры Талапкер Касымов.

Қазір  «Бастау» түлегі әкесімен бірге өз ісін жалғастыруда. «Арман»  жеке кәсіпкерлігі металдан қоршау, есік, сәнді бұйымдармен тағы басқада бұйымдар дайындауда.  Сонымен қатар  өнім  сұранысқа ие.   

 «Мен өз арманымды жүзеге асырдым және өзімнің сүйікті ісіммен айналыса аламын. Әрі қарай  қосымша кәсіпті кеңейту үшін фрезарлы станок сатып алуды жоспарлап отырмын», – деп кәсіпкер өз жоспарымен бөлісті. 


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер