astana-view

«Атамекенде» Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жобаларын бақылау бойынша кеңес өз жұмысын бастады

2018 жылғы 13 Сәуір
6671 просмотров

Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жобаларын бақылау бойынша кеңестің төрағасы, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Аманжан Жамалов кеңес құрылуының мақсаттары мен міндеттерін белгіледі

Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жобаларын жүзеге асыруда қоғамдық бақылауды ұйымдастыру, мәселелерді талқылау және шешімін табуда алаң болатындығы анық. Сол себепті кеңеске депутаттар, сарапшылар, жауапты мемлекеттік органдар және кәсіпкерлер жұмылдырылған.

«Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік – қоғамның назарын аударатын өте маңызды тақырып. Көп жылдар бойы айтылып жүрген мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жобаларын жүзеге асыру белгілі бір бағытта және өркениетті жүргізілуі тиіс», – деді Аманжан Жамалов.

«Бір уақыттары көпшілік мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жобаларының мәнін түсінбеген болатын. Қазіргі уақытта жобалардың құны 2 трлн теңгеге жетті. Бұл шамамен еліміздің бюджетінің үштен бірі. Сол себепті мемлекеттік-жекеменшік серіктестік дұрыс ұйымдастырылған, жобалар экономикалық тұрғыдан дұрыс есептелген және дұрыс қаржыландырылған болуы тиіс», – деді кеңес төрағасы.

ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Руслан Дәленов кеңестің уақыты құрылып, мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жобаларын жүзеге асыру деңгейін жоғарылатуда кеңес мүшелерінің пікірін ескеруге дайын екендігін айтты.

«Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік көрінісі бір уақытта жаңа да, ескі де. Мемлекет пен бизнестің серіктестігінің заңнамалық негізі көп уақыттан бері бар. Сонымен қатар, мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жаңа жобаларын қайта қолға алу жақын уақытта басталды. Мәселен, Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік туралы заң қабылданғанға дейін, яғни 2016 жылға дейін жалпы алғанда 23 келісім-шарт жасалса, 2017жылы мемлекеттік-жекеменшік серіктестік бойынша құны 146 млрд теңге болатын 160 келісім-шарт жасалды», – деді бірінші вице-министр.

Ұлттық экономика министрлігінің ресми мәліметіне сәйкес, мемлекеттік-жекеменшік серіктестік бойынша 140 нысан қолданысқа беріліп, осы арқылы өткен жылы бюджетке бір уақытта ауырпалық түсіруін 90,6 млрд теңгеге жеңілдетті.

«Бизнес үшін қазыналықта келісім-шарттарды тіркеу рәсімі енгізілгендігі маңызды әрі қажет болды. Осыған дейін мұндай рәсім болған емес, ал енді келісім-шарт заңды күшке ие. Осы арқылы бизнесмен болашақта мемлекет те ол сынды келісім-шарт бойынша міндеттерге ие екендігін біледі», – деді ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі.

Сонымен қатар, Руслан Даленов айтқандай рәсімдерді ауыстыру барысында мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жобаларын сараптамадан өткізу және келісім беру рәсімдерінің мерзімдері қысқарды. Енді ұзақ мерзімді мемлекеттік тапсырыс беру қолжетімді болып, мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жобаларының тұжырымдамасын дайындау бизнес-жоспарға ауыстырылды және жобаларды жоспарлауға заманауи тәсіл әзірленді. 

«Ұлттық экономика министрлігі, «Атамекен» ҚР ҰКП және мемлекеттік органдармен бірлесе мемлекеттік-жекеменшік серіктестік келісім-шартын нақты кепілдік ретінде мойындау үшін бірқатар түзетулер бөлімін әзірледі. Аманжан Макәрімұлы, сізді Парламент к.н тәртібінде аталсыш мәселе талқылау барысында біз ұсынып отырған өзгерістерді енгізуде қолдауыңызды сұраймыз», – деді Руслан Даленов.

Кеңестің алғашқы отырысына 250-ден астам мүдделі тарап өкілдері қатысты: Парламент және мәслихат депутаттары, сарапшылар, мемлекеттік орган және бизнес-қауымдастық.

Отырыс нәтижесінде Кеңес төрағасы жиын барысында айтылған барлық жүйелі мәселелерді түйіткілдер ресстріне жинақтап, болашақта талдауға дайындауды тапсырды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер