astana-view

Ереже өзгерсе кез келген қарыз субсидиялануы мүмкін

2018 жылғы 18 Сәуір
4443 просмотров

16 сәуір күні «Атамекен» алаңында АӨК және тамақ өнеркәсібі комитетіның жиыны аясында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің несие мен лизинг бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау туралы және АӨК субъектілерінің инвестициялық салымдар кезінде шеккен шығындарының бір бөлігін субсидиялау туралы ережелері қарастырылып, талқыланды.

Бұл өзгертулер негізгі құралдар, ауыл шаруашылығы өнімдері мен айналым қаражатын толықтыру арқылы қаржыландырылатын қарыздар мен лизинг шарттарының шеңберінде өтемақыға жұмсалатын шығындарды өтеуге мүмкіндік береді.

 ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Рүстем Құрмановтың айтуынша субсидиялауға қазіргі уақытта қолданылып жүрген және бұрын қаржыландырылған, бірақ келісімшарттың бүкіл ұзақтығына арналған мемлекеттік бағдарламаға қатыспайтын несие мен лизинг шарттары бойынша сыйақы жатады.

 Осы ретте негізгі қаражат пен ауыл шаруашылығы жануарлары бойынша қаржыландырылған несие мен лизинг шарттары бойынша жылдық 10%, сонымен қатар айналым қаражатын толтыру қарыз шартына жылдық 5% өтеледі.

 Рүстем Құрманов инвестициялық салымдарды субсидиялауға қатысты сұрақта 2018 жылдан бастап құрылыс-монтаж жұмыстарына субсидиялау жаңаратынын, сонымен қатар жоба паспорттары бойынша субсидиялау республикалық бюджеттен ғана емес, сонымен қатар жергілікті бюджеттен де қарастырылатынын айтты.

 Ауыл шаруашлығы техникасы шығындарын өтеу бойынша Ережені әзірлеуші отандық, ТМД, Қытай, Азия, Еуропа мен Америка моделдеріне градация қарастырған. Бұл мүмкіндік арқылы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері техниканы өздері таңдап, өз қажеттіліктеріне қарай шығындарды субсидяилауға құқылы.

Сонымен қатар барлық паспорттарда жобаның максималды көрсетілген құнынан 25% көлемінде шығындарды бірыңғай үлестік өтеу қарастырылған. Бұған құрғақ аймақтардағы жайылымдарды суару үшін жобаның паспорты қосылмайды, онда онда өтеу көлемі 80%-ды құрайды. Осы ретте  келеген паспорттарда ауыл шаруашылығы техникасы жер учаскесінің минималды мөлшерін есептеу нормативіне байланбаған.

 Аталған жобаларды қызу талқылау барысында бизнес, сонымен қатар Қауымдастықтар мен Одақтар тарапынан ескертпелер мен ұсыныстар айтылды. Оларды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері бірден талқылап немесе жұмыс тәртібінде назарға алды. Өз кезегінде «Атамекен» ҚР ҰКП агроөнеркісіп кешені субъектілерінің барлық айтқан пікірлері мен ескертпелерін жинақтап, ресми түрде мемлекеттік органға жолдайтын болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер