astana-view

«Қазақтелеком» АҚ: Біз тұтынушыларға қатысты ақылға қонымды әрекет істейміз

2018 жылғы 20 Сәуір
4694 просмотров

Бұл туралы «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Юлия Якупбаеваның жетекшілігімен өткен дөңгелек үстел барысында мәлім болды.

 «Бұл дөңгелек үстелдің міндеті «Қазақтелеком» АҚ-тың акцияларды сатып алу мәселесі жайында екі тараптың пікірін тыңдап, істің мән-жайын түсіну. «Атамекен» өз алаңында депутаттарды, салалық қауымдастықтар өкілдерін мәмілені талқылап, оның мобильді байланыс нарығына қалай әсер ететінін талқылау үшін жинап отыр», – деді Юлия Якупбаева.

«Қазақтелеком» АҚ «Kcell» ұялы байланыс операторының 75% акциясын сатып алуы туралы  «Beeline» компаниясының атқарушы директоры Александр Комаров дабыл қақты.

 «Жалпы үлесі 65% абонентті құрайтын екі активтің бақылауына ие болу және үлкен табысқа кенелу – бұл топтаудың жоғары деңгейі. Мұндай жағдай дамыған нарықтарда болмайды. Біздің ойымызша, бұл белгіленген байланыс нарығында концентрацияның артуына әкеп соғады», – деді Александр Комаров.

Ол монополия мен экономикалық топтау тарифтердің қарқынды қымбаттауына әкеліп, «Қазақтелеком» нарыққа өз талаптарын мәжбүрлейді деп алаңдайды. Комаровтың айтуынша орын алған жағдай салдарынан толқындарды тарату жүйесі де зардап шегеді. Бүгінгі таңда мобильді байланыс нарығының үш ойыншысы арасында толқындар былай бөлінеді: 50% (Altel, Tele2), 25% (Kcell), 25% (Beeline). Спектрді компания бір уақытта қызмет көрсете алатын абоненттер саны, инвестициялар көлемі мен жылдамдық анықтайды.

«Қолданыстағы заңнама шеңберінде операторлар спекторды ортақ қолдану құқығына ие. Егер аталған мәміле орындалса, демек аттары аталған спектрлер бірігіп қызмет жасауы ықтимал. Сонда 75% да 25% сынды диспропорция орын алады. Және бұл бірігу оларға айтарлықтай артықшылық беріп отыр» ,– деді «Beeline» атқарушы директоры.

 Өз кезегінде «Қазақтелеком» АҚ бас қаржы директоры Асхат Өзбеков компания бәсекелестікті тиюға шектеуге тырыспайтынын мәлімдеді.

«Біз ұлттық оператор болып табыламыз, бірінші кезекте мемлекет мүддесіне жұмыс істейміз. Тарифтеріміз доллардың теңгеге шаққандағы курсына, инфляция қарқынына да ілесіп жатқан жоқ. Әр отбасы бюджетіне үлкен шығын әкелетінімізді түсінеміз. Сонымен қатар компания және тұтынушылардың экономикалық мүддесін ұстану тарапынан ақылға қонымды әрекет етудеміз», – деді Асхат Өзбеков.

 «Қазақтелеком» АҚ заңгері Владимир Попов көп мемлекеттерде нарықта бірнеше бас ойыншы болуы құпталатынын айтты. Мәселен, Қытай, Австралия, Мексика нырықтары. Попов мәміле орындалса, онда нарықта тарифтер мен нарықты бақылау орын алмайтынын жеткізді.

«Жалпы «Қазақстелеком» ұялы операторлар қызметінде ешқандай бақылауға ие емес, өйткені холдингтің «Тele2» еуропалық әріптеспен бірігуінде оған кем дегенде дауыс беретін акциялардың үлесі - 49% тиесілі, – деп түсіндірді Владимир Попов.

 

 «Кар-Тел» ЖШС өтініміне сәйкес мәмілені заңды деп тану мақсатында «Қазақтелеком» АҚ Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне   экономикалық шоғырлануға өтініш берді.

«Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінен талдау қорытындысын алмай тұрып нәтиже шығару ерте. Жалпы нарық тәуекелдерге ұрынады. Бірақ олар зерттеліп, егжей-тегжейлі талдануы керек», – деді  ҚР Ұлттық телекоммуникация қауымдастығының президенті Асылбек Хайрушев.

«Beeline Қазақстан» атқарушы директоры бизнес өкілдері мен өкілетті органдарды біріктіретін осындай дөңгелек үстелдер кәсіпкерлердің ұстанымын айқын көрсетіп, ары қарай тәуекелдерді азайтуға мүмкіндік беретінін айтты.

«Шешім қабылданбай тұрып, нарық ұстанымын қарастырып, талқылай алғанымыз өте жақсы. Осындай мәселелер «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында талқыланатынына қуаныштымын», – деді Комаров.

 20 сәуір күні жиынға Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің өкілі келмеді.    Юлия Якупбаева өкілетті органға сәйкес хат жіберілетіні жайында хабарлады. Регламентке сәйкес ҰКП Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, білім беру мен инновациялар комитеті кәсіпкерлердің өтінімдерін қарастыратын болады. Сонымен қатар Ұлттық палата Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінен нарықты талдау нәтижесін беруді сұрайды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер