astana-view

Бизнес оқу орындарындағы білім сапасына баға берді

2018 жылғы 24 Сәуір
16542 просмотров

24 сәуір күні Орталық коммуникациялар қызметінде жоғары оқу орындарындағы білім беру бағдарламалары мазмұнына талдау жүргізу бойынша брифинг өтті.

«Атамекен» 2017 жылдың соңынан бастап жоғары оқу орындары рейтингі мәселесін көтеріп, жұмысты ІТ-мамандарын дайындаудан бастады. Аталған саладағы жұмыс берушілер және мамандар мәселе өзектілігі мен жаңа бағдарламаларды ашуды назарға алып отыр. Мемлекеттік органдар, бизнес-қоғамдастық және «Атамекен» өкілдері 66 оқу орнына бағалау жүргізіп, Жоғары оқу орындары рейтингін әзірледі.

«Бұл рейтингті екі негізгі критерийге: статистикалық деректер мен сараптамалық бағалау деп бөлуге болады. Айта кетейін, аталмыш рейтингті жоғары оқу орындары тегін ақпарат ретінде қарастыруы керек. Зерттеу нәтижесіне сәйкес барлық оқу орындарына өзектілік бойынша ұсыныстар беріледі. Әр білім беру бағдарламасын кем дегенде үш салалық сарапшы бағалады», – деп хабарлады «Атамекен» ҚР ҰКП Адами капиталды дамыту департаментінің директоры Олжас Ордабаев.

Бірінші кезеңде түлектердің жұмысқа орналасу пайызы және Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталығы ұсынған иесізденген деректер негізінде   орташа еңбекақысына талдау жасалды. Сондай-ақ, профессорлық-оқытушылық құрамның практикалық тәжірибесі, оқу орынның білім беру бағдарламасына жасаған инвестициялары, білім беру бағдарламаларын әзірлеу, элективті пәндер топтамасы қаралды. Салалық ассоциациялармен және / немесе жұмыс берушілермен бірлесе отырып, силлабустар, білім беру бағдарламаларын халықаралық аккредиттеу туралы фактілерге зерттеу жүргізілді.

Түлектердің еңбекақысы мен жұмысқа орналасуының пайыздық үлесі  білім беру бағдарламаларын бағалаудың негізгі критерийлерінің бірі болды.

Екінші кезеңде Қазақстандағы жетекші ІТ-компаниялар мамандарын тарту арқылы білім беру бағдарламалар арасындағы алшақтықты бағалау және талдау жүзеге асырылды. Жұмыс берушілер тақырыптардың толымдығы, контент өзектілігі мен студенттерге ұсынылып отырған әдебиеттің жаңашылдығын бағалады.

 Бағалау қорытындысы бойынша сарапшылар мамандарды дайындау білім бағдарламаларында оқуға қажет емес пәндер барын анықтады, аталған пәндер студенттердің уақытын алады, сонымен қатар оқытуда бағдарламалаудың ескірген тілдері қолданылған.

 «Ұсынылатын әдебиет» критериі қаншылықты қажет екенін ұзақ талқыладық. Айлайда студенттер көп уақытын өзінше дайындалуға жұмсайтынын түсініп, осы тұста өсу аймағын аңғардық. Жоғары оқу орындарының кітап қорлары талаптарға сай келе бермейді, мәселен, 1990 немесе 2000 жылы шыққан әдебиет көздері кездесті. Бұл материалдар баяғыда өзектілігін жоғалтқан, өйткені ІТ саласы қарқынды дамып келеді», – деді Олжас Ордабаев.

 ҚР Білім және ғылым вице-министрі Талғат Ешенқұловтың айтуынша, аталған рейтинг білім беру сапасын жақсарту мақсатында жүргізіліп отыр. Вице-министр бұл бағалау  отандық жоғары оқу орындарын қай бағытта дамыту керектігін көрсетіп, кемшіліктерді анықтауға көмектеседі деген пікірде. .

 «Студенттердің өздері осы рейтинг арқылы оқу орнын таңдауда басымдықтарды белгілей алады», – деп атап өтті Талғат Ешенқұлов.

 Үздік бес жоғары оқу орны тізімі мынадай: Қазақ-Британ техникалық университеті, Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Нархоз университеті.

>

«Көп оқу орындардың көрсеткіштері жақсы, алайда білім беру бағдарламалардың басым бөлігі ескірген», – деді сараптама топтың мүшесі, Method бағдарламалау мектебі құрылтайшыларының бірі Дагар Давлетов.

Сарапшылар ІТ-нарығында анағұрлым сұранысқа ие пәндерді оқу бағдарламарына қосуды ұсынды:

- Дизайн, интерфейстер, user interaction;

- ІТ-дегі Project Management;

- ІТ-дегі Risk Management және Стандарттар;

- Операциялық жүйелерді әкімшіліктендіру;

- Кәсіпорындарды автоматтандыру;

- Заманауи көріністегі нейронды желілер.

«Атамекен» тағы 2 000 оқу бағдарламасына бағалу жүргізуді жоспарлап отыр. Бұл мамандықтар бойынша 88 рейтинг болмақ.

Айта кетелік, «Атамекен» түрлі ұйымдар қызметкерлерінен сарапшылардың базасын құрып, оларды рейтинг әзірлеуге қатысуға шақырады! Сарапшыларға қойылатын басты талап – мамандық бойынша кем дегенде 5 жыл жұмыс өтілі, сондай-ақ, саланың үміткерге деген сенімі болуы шарт. Сарапшылар құрамына кіру үшін нұсқа бойынша өтінімді expert@atameken.pro электорнды мекенжайға немесе сілтемеге жіберу керек. Байланыс телефондар: 8 (7172) 919327, +77073540578. Үміткермен қосымша кездесу өткізіліп, барлық сұрақтар жекелей талқыланады.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер