astana-view

Еңбек дауларын қалай тиімді шешуге болады?

2018 жылғы 28 Сәуір
- Солтүстік Қазақстан облысы
9904 просмотров

Өңірлік кәсіпкерлер палатасы және Фридрих Эберт атындағы қоры ұйымдастырған үш күндік семинарға қатысқандар бұл сұрақтың жауабын алды. Семинарға 40-тан астам қала тұрғыны қатысты, оның ішінде кәсіпкерлер, мемлекеттік қызметкерлер мен кәсіподақ ұйымдарының өкілдері бар.

«Кәсіпорын деңгейіндегі жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы диалог: ұжымдық еңбек дауларын шешуде келісу комиссиялары мен процедараларды пайдалану» тақырыбындағы семинар Петропавл қаласында 25 сәуір күні өтті. Бір ай бұрын мұндай семинарлар Қарағанды, Өскемен және Ақтау қалаларында ұйымдастырылған болатын.

 Петропавлда бұл шара үш күнге созылды. Жергілікті кәсіпкерлер, мемлекеттік органдар және кәсіподақ ұйымдарының өкілдеріне арналған оқытуды «Школа трудовых практик» атты ресейлік білім беру мекемесінің өкілдері өткізді. Іс-шараның негізгі ұйымдастырушылары «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Фридрих Эберт атындағы қор.

 Айта кетелік Фридрих Эберт атындағы қор 1925 жылы құрылған немістің көне саяси қоры болып табылады. Оның Германияда демократиялық жолмен сайланған бірініші президенті Фридрих Эберт негізін қалады. Қор Фридрих Эберт идеялық мұрасын және әлеуметтік демократияның бай дәстүрін бейнелейді.

«Қор жұмысы бостандық, әділеттік, ниеттестік сынды әлеуметтік демократияның негізгі құндылықтарына бағдарланады. Бұл саяси білім беру, азаматтық қоғам мен халықаралық ынтымақтастықты нығайтумен айналысып, мемлекеттік міндеттерді орындайды. Қор негізінен Германия федеративті республикасы бюджетінен қаржыландырылады. Қазақстанда қор азаматтық қоғам мен мемлекеттік органдардағы әріптестерімен елдегі ұзақмерзімді әлеуметтік-экономикалық даму жағдайларын жақсарту бағытында жұмыс істейді», – деді ӨКП директорының орынбасары Жеңіс Қазиев.

 Үш күн қатарынан семинар қатысушылары еңбек даулардың орын алуы салдарын талқылап, оларды бейбіт шешу жолында жеке тәжірибелерімен бөлісті. Осы ретте қатысушыларға дауларды шешу бойынша ҚР Еңбек кодексінде қарастырылған тетіктер ұсынылды.

Сонымен қатар, семинарға қатысушылар кәсіпорындардың тиімділігі, жұмыскерлердің мүдделері мен тұтастай алғанда қоғамның игілігі үшін еңбек дауларын шешудегі халықаралық тәжірибемен танысты.

 

  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер