astana-view

Ақмола облысының кәсіпкерлері салық органы қызметкерлеріне наразы

2018 жылғы 04 Мамыр
- Ақмола облысы
4477 просмотров

Астрахан ауыданында кәсіпкерлер мен салық органы арасындағы қарым-қатынастағы мәселелер жүйелі болып барады. Кәсіпкерлер салық органы қызметкерлерінің әрекеттеріне наразы, оған Палатаға түскен бірқатар шағымдар дәлел.

Атап айтқанда жеке кәсіпкер Қанат Мусин кәсіпкерлікті жабу бойынша өтінім жасады. Бұл процедурада ешқандай қиындық жоқ. Алайда өзінің жеке кәсіпкерлігін кәсіпкер жаба алмаған.

 Астана қаласы Сарыарқа ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы кәсіпкердің КамАз 5320 жүк көлігі бойынша төленбеген салығы болғаны үшін өтінімін қабылдамады. Мемлекеттік орган салған айыппұл көлемі – өсімақыны қоса есептегенде 89 мың теңгеден асып тұр.

  «Осы мәселе бойынша 10 сәуір күні Астана қаласы Сарыарқа ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына салынған айыппұлды түзеуге жазбаша хат жолдадық. Өйткені кәсіпкер аталмыш айыппұлды 2017 жылы  «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодекстің 369 бабы 3-1 тармағына сәйкес Астрахан ауданы бойынша Мемлекеттік кірісітер басқармасында төлеп қойған. Осы нормаға сәйкес жеке тұлға қарызын тұрғылықты жері бойынша төлей алады», – деді Астрахан қаласы бойынша ӨКП филиалының директоры Асхат Бейсенбенов.

 Алайда ӨКП филиал директорының айтуынша, Сарыарқа ауданы бойынша Мемлекеттік кірісітер басқармасынан әлі де жауап келмеген. Қарыз тұр, ал кәсіпкер екі ай бойы жеке кәсіпкерлігін жаба алмай отыр.

Осы ретте 2018 жылдың 27 ақпандағы Жеке шоттарды жүргізу ережелердің 134 тармағына сәйкес салық төлеушінің жеке шотын бір органнан екінші органға беру уақыты он жұмыс күнін құрайды. Ал бұл мәселе 2017 жылдың қыркүйек айынан бері шешілмей келеді, яғни осы уақытта Қанат Мусиннің тұрғылықты мекен жайы ауысқан.

«Мұндай өтінімдер жиеленіп барады. Кәсіпкерлер қызмет көрсетудің сапасына наразы. Алкәсіпкерлік субъектісі үшін кез келген  кідіріс қаржы мен уақыт жоғалту болып табылады», – деп түйіндеді Асхат Бейсенбенов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер