astana-view

Абылай Мырзахметов: Мәселені шешудің жолын табу үшін талқылау керек

2018 жылғы 14 Мамыр
6941 просмотров

Қымбат несие мәселесі «Нұр Отан» алаңында көтерілді

Бүгін 14 мамырда NurOtanTrends жобасының аясында «Қазақстанда несие неліктен қымбат?» тақырыбында алғашқы талқылау өтті.

Модератор, «Талап» қолданбалы зерттеулер орталығының директоры, сарапшы Рахым Ошақбаев іс-шараны аша отырып, несиелеу саласындаы орын алған жағдайда қандайда бір қорытынды шығаруды талап ететіндігін, несиелеу саласында тоқырау орын алып отырғанын атап өтті. Өткен жылдың басында Мемлекет басшысы Ұлттық банк Үкіметпен бірлесіп экономикалық дамуға жауап беруі керек екенін ерекше атап өткен, бірақ «қос мандат» әлі күнге дейін ашық күйінде қалып отыр.

«Ұлттық банктен ұғынықты диалогты қалаймыз. Ешқандай популизм емес. Ойын ережесі сол жақтан басталады. Бізде трендте шағын несиелеу тұр, ал несие туралы мүлде ұмыттық. Экономикалық өсу деген мандатты қойып, бас қосып талқылау керек деп есептеймін», ­– деп атап өтті «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов.

Абылай Мырзахметовтың айтуынша, келіссөз алаңында бас қосып, макроэкономикалық мәселелерді талқылау қажет. Бизнеске негізінен үш нәрсе қажет: ойын ережесі, ақшаға қол жеткізу және адами ресурс. Егер ережемен үкімет айналысса, адами ресурсты кәсіпкер тартады, бизнестің ақшаға қол жеткізуі Ұлттық банкке тиесілі.

«Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасы түсіндіріп өткендей, бұл мәселе соңғы бес-алты жылда шешімін таппай келеді. Елбасы Ұлттық банк жауапкершілікті алу керектігін екі жыл бұрын айтқан. Ұлттық банк инфляцияны таргеттеуге жауапкершілік алса, бұл теңге өтімділігін жасыруға алып келеді.

Бүгінде несиеге қол жеткізудің бір жолы мемлекеттік бағдарламалар болып саналады. Бизнес көбінде субсидияны «Бизнестің жол картасы­ – 2020» және Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың мемлекеттік бағдарламасы арқылы алады. Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша шағын несиелеу тәжірибесі кеңеюде.

«Мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылды, бірақ мемлекеттің экономикадағы үлесі әлі де үлкен және бизнес тұтастай дерлік соған отырған. Мемлекеттік бағдарламалар өсу нүктесіне жүруі керек – экспортты агрессиялық қолдау, міне қаржы осы жаққа жұмсалуы тиіс», – деді Абылай Мырзахметов.

«ForteBank» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Әділ Батырбеков банк секторының тарапынан талқылауға қатысқан жалғыз өкіл болды.

«Банк микроэкономикасы қарапайым – банк депозиттерді қабылдайды және береді. Біздің банк маржасы үлкен емес. 8-9 пайызбен алып, 14-15 пайызбен береміз. Арзандату мәселесін шешу үшін алдымен депозиттерді арзандату керек. Неге депозиттер жоғары? Себебі мөлшерлеме сондай. Сондай-ақ көбі долларға айырбастаудан қорқады», – деді Әділ Батырбеков.

Банкирдің айтуынша макроэкономикалық тұрақтылықта инфляция мен валюта бағамы тұрғысынан болжамдық керек.

«Макроэкономикалық тұрақтылыққа қатысты тезис ұнады. Біздің лигадағы басқа елдерге қарағанда, осы жылдар ішінде Қазақстан экономикасының ауқымды инвестиция тартуға мүмкіндік берген қуатты тұсы – макроэкономикалық тұрақтылық және ең бастысы – макроэкономикалық болжамдық. Қазір түрлі либералды кооперативтердің жолында макроэкономикалық болжамдықты жоғалтып алдық. Жыл соңында не болатынын, ақша бағамы қандай болатындығын болжау мүмкін емес. Инвесторлар инвестиция құймайды, тиісінше тұтынушылар тұтынбайды. Тиісінше бұл осындай экономикалық талқылауларға алып келеді», – деп тұжырымдады Рахым Ошақбаев.

«Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев қорытындылай келе, мемлекеттік маңызы бар мәселелерді тұрақты түрде талқылау үшін сарапшыларды басқосуға шақыруға уәде берді. Іс-шара қорытындысы ретінде ҚР Үкіметі мен Ұлттық банкіне жолданатын ұсыныстар дайындалады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер