astana-view

Тимур Құлыбаев: Импортты алмастыру «Атамекеннің» басты назарында

2018 жылғы 18 Мамыр
- Қостанай облысы
9144 просмотров

«Атамекен» басшысы Қостанай облысының бизнесмендерімен ипортты алмастыру, салықтық әкімшіліктендіру және сұранысқа ие мамандарды дайындау мәселелерін талқылады. 

Кәсіпкерлердің өңірлік кеңесі жиынында Тимур Құлыбаев салық заңнамасын жетілдіру бойынша атқарылып жатқан жұмысқа баса назар аударды. ҚР Қаржы министрлігімен бірге қосымша құн салығын қайтару мәселесі қаралып жатыр, ал ҚР Ұлттық экономика министрлігімен ынталандыратын салық саясатына өту мүмкіндігі қаралуда: салық санын қысқарту, қосымша салықтарды жергілікті бюджеттерге беру, жалақы қорына ауыртпалықты азайту және ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін бірыңғай салықты енгізу мүмкіндігі. Бұл шара Агроөнеркәсіп кешені саласында бизнесті жүргізуді айтарлықтай жеңілдетеді. 

«Атамекен» қызметіндегі айырықша назар импортты алмастыруға аударылған. Оны өндірістерді жергілікті жерде орнықтыру, жаңғырту және мемлекеттік сатып алуларға қатысу арқылы қамтамасыз ету керек. Қазіргі таңда отандық тауар өндірушілер тізіліміне енген өңдеу өнеркәсібі бағытындағы 1500 кәсіпорынның өндірістік әлеуеті зерттелді.

«Өндірісін орнықтырған, қажет жағдайда модернизациялаған кәсіпорындар үшін мемлекеттік сатып алулар, квазимемлекеттік сектордың сатып алулары арқылы сапасы жоғары өнімді жеткізу үшін «Бір терезе» қағидатымен нақты қолдау мүмкіндігін жасаймыз. Тізілім барлық өңірлер бойынша толықтырылуда. Қазіргі таңда Қостанай өңірінде географиялық орналасуы, экспорттық әлеуеті мен климаттық жағдайын ескере отырып қандай компаниялар орныға алатынын анықтау керек», – деп атап өтті Тимур Құлыбаев.

Алайда ұзақмерзімді келісімшарттардан бөлек, кәсіпкерлердің қаржыға қол жеткізуі негізгі мәселе болып қала береді.

«Шағын және орта бизнеске арналған қаржыға қол жеткізу – негізгі міндет. Ұлттық банкпен бірге бизнесті қаржыландырудың оңтайлы шарттарын анықтау үшін «Атамекен» екінші деңгейлі банктермен ортақ ұстанымды дайындауда. Үкімет қаржы секторын оңалтуда ауқымды жұмыс атқарды. Ақша бар, өтімділік бар, бірақ осы қаражат экономикаға түсуі қажет және несиенің негізгі тұтынушысы шағын және орта бизнес болады», – деп атап өтті Тимур Құлыбаев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер