astana-view

Ірі бизнес отандық өндірушілерді серіктестікке шақырды

2018 жылғы 18 Мамыр
- Шығыс Қазақстан облысы
5958 просмотров

Шығыс Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасында отандық үлесті дамыту мақсатында серіктестік мәселесі талқыланды

«Востокцветмет» ЖШС жабдықтау жөніндегі директоры Нұрбол Нұрпейісов кездесуде компанияның тауар сатып алулар мен кәсіпорынның серіктесі болу құралдарының жоспары туралы баяндады.

Басқосуға қатысқан «Кэмонт» АҚ, «Өскемен өнеркәсіптік арматура зауыты» АҚ, «Өскемен конденсат зауыты» АҚ, «Георгиев сорғыш жабдық зауыты» ЖШС, «Өскемен жарықдиодты жабдыұ зауыты» ЖШС, «БакоЭлектроСнаб» ЖШС, «Tabys-MKD» ЖШС, «СИЗ Новация» ЖШС, «Adekom PromMash» ЖШС және тағы басқа да компаниялардың өкілдері «Востокцветмет» ЖШС-мен бірлесіп жұмыс істеу мәселелерін талқылады.

Кездесу барысында жергілікті қамту үлесін арттырудың тиімді де оңтайлы шарасы – ірі кәсіпорын мен отандық өндіруші арасында офтейк-келісімшарт  (сатып алу туралы келісім) жасау аясында аралас өндірісті құру арқылы тауарлардың импортын алмастыру әдісі.

«Отандық кәсіпорын ірі компания жабдықты қайта орнатып, мамандарды оқытып, отандық өнімді импорттық тауарға ұқсатып, технологиялық параметрлерін сақтай отырып сатып алатын импорттық өнімді шығаруды және жеткізуді қолға алса, ең соңында мұның табысы тұрақты болады әрі кепілдендірілген жеткізуді алады. Ал тапсырыс беругі, яғни ірі компания өз кезегінде өндірілетін тауардың сатып алынуына кепілдік бере отырып, мемлекеттік сатып алуда өзінің жергілікті қамту үлесін арттырады. Сондықтан, егер кәсіпорындар офтейк-келісімшарт секілді ұзақ мерзімді келісім жасауды бастаса, облыста жергілікті қамту үлесін арттыру мәселесі оң шешілмек», – деп атап өтті жергілікті отандық тауар өндірушілерді қолдау мәселесі жөніндегі облыстық комиссияның өкілдері.

Бүгінде тауар және қызмет сатып алуда отандық қамту үлесінің ауқымды бөлігі «Қазмырыш» ЖШС-ына тиесілі.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер