astana-view

Ақтөбеде «Бастау» жобасының аяқ алысы жақсы

2018 жылғы 21 Мамыр
946 просмотров

Бірінші лек мәреге жетті

Өңірлік кәсіпкерлер палатасы алаңында «Бастау» жобасының биылғы жылғы алғашқы түлектерінің білімі қорытындыланды. Олар кәсіпкерлер палатасының сарапшылары, мемлекеттік органдардың, қаржы ұйымдарының өкілдерінен құралған облыстық комиссияға бизнес-жоспарларын ұсынды. Нәтижесінде, облыстың 12 ауданында өткен бизнес сабақтарын 405 адам оқып, олардың 463 млн теңгені құрайтын 168 жобасы қорғалды.

«Бастау» жобасын бітірушілердің дені ауылдық жерге ыңғайлы мал өсірумен айналысуды жоспарлайды. Олар егін шаруашылығы, үй құстарын өсіру, ет, сүт өнімдерін өндіру, жылыжай ашу сияқты жобалармен қатар, наубайхана, музыкалық орталық ашу, түрік тағамдарын дайындау, ұлттық киімдер тігін цехын ашу секілді бизнес түрлерімен айналысқысы келеді. Айталық,  Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қаласында өткізілген «Бастау» оқуларының тыңдаушысы Абылайхан Мұқатай аудан орталығында ашылған жаңа демалыс паркінде жедел дайындалатын тағамдар желісін ашпақ.

«Маған «Бастаудың» бизнес-кеңесшілері несие  уақытында кететін шығын мен түсетін табыс мөлшерін есептеп, қаржыны дұрыс үйлестіру тәсілдерін үйретті. Сонымен қатар, бизнес тәуекелдері туралы да хабардар болдым», – дейді болашақ кәсіпкер.

Комиссия оның жобасын құптап,  жеңілдетілген несие алуға лайықты деп тапты.

«Бастау» жобасы ұйықтап жатқан ауыл адамдарын оятқандай болды. Негізі, берекенің бәрі ауылда ғой. Өзіміз ауылда мал бағып, құс өсіреміз. Енді мемлекеттік бағдарлама бойынша жеңілдетілген несие алып, шаруашылығымды кеңейткім келеді. Жоба оқытушылары кәсіпкерліктің қыр-сырын үйретіп, несие бағдарламаларының тиімді тәсілдерін ұсынуда», – дейді «Бастау» жобасының Қарғалы ауданы бойынша тыңдаушысы Құрбангүл Кусепова. 

Облыстық комиссия алдында жобаларын сәтті қорғай алғандарға арнайы сертификаттар тапсырылды, бұл қаржыландыру кезінде есепке алынады. Бағдарлама бойынша  қаржыландыру үшін 2,3 млрд. теңге қарастырылған, осы жылдың тамыз айында қосымша 1,5 млрд. теңге бөлу жоспарланып отыр.

Жоба бойынша 2018 жылы барлығы 2 231 адамды оқыту көзделген, оның 446-сына жобаны қаржыландырудан бастап, жүзеге асырылғанға дейін қолдау көрсетіледі.

Сонымен қатар, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы «Бастау» жобасының бизнес-тренерлеріне арналған семинарлар өткізуді жалғастыруда. Бизнес-жобаларды қорғау жұмыстары аяқталысымен «Актеп» ЖШС басшысы Нұрлан Сағыналин тренерлерге  «ҚазАгро» АҚ-ның жаңа өнімдері үшін несие шарттары және ауылшаруашылығын тиімді басқару туралы шеберлік сабағын өткізді. Тренингте тәжірибелі басшы бастаулықтарға мал шаруашылығының қаржылық тиімділігі туралы әңгімелеп, осы саладағы мәселелермен


Ұқсас жаңалықтар:

8 Тамыз
2024
Қостанай облысы

8 Тамыз
2024
Қостанай облысы

Еншілес ұйымдар

Серіктестер