astana-view

Омарташылар өнеркәсіптік бағытты қолға алуда

2018 жылғы 22 Мамыр
- Шығыс Қазақстан облысы
5010 просмотров

Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауылының кәсіпкері Әділет Рапеков «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 2,7 млн теңге көлемінде грант жеңіп алды. Осы қаражатқа ол омарта шаруашылығын кеңейтпек

Жас омарташы бұл қаражатқа канадалық технология бойынша араларды өсіретін жаңа жабдық сатып алуды көздеп отыр.

 «Кран-балка сатып аламыз, бұл құрал үдерісті механикаландырады. Кран-балка гидравликалық манипуляторға ұқсас. Бұл төрт метрді құрайытн «Үлкен қол». Осы құрал айыр ретінде ара ұясын көтеретін болады. Ара ұяларын түсіріп, көтереді. Өйткені бір ұяның салмағы 250 келі. Бұл өнеркәсіптік омарташылыққа арналған жүйе. Кәдімгі ара ұялары 60 келіні құрайды. Екі корпусты ұялар – 100 келі. Ал канадалық ұялар көпкорпусты. Балды сығымдау кезеінде біз араларды ауа қысымымен қуып шығамыз. Және кран-балкамен ұяларды түсіріп, көтере аламыз. Ал қарапайымдары олар тым ауыр. Әр жақтауды қолмен алып, араларды тазалау керек», – деді омарташы.

Бұған қоса шаруа өз қаражатына балды тарту үшін балтартқыш сатып алмақ, оның құны 600 мың теңге. Осылайша күніне ол 1,5 тонна бал өндңруді жоспарлар отыр. Кәсіпкердің жоспарында сонымен қатар термодатчиктері, жылу реттегіштері бар қыстақ салу. Осылай аралар қысты аман есен өткереді.

Қазіргі таңда омартадағы жұмыс көп еңбекті, уақыт, қажырды талап етеді. Ал омартаны жаңғырту арқылы өндірііс еселене түспек. Канадалық технология бойынша 100-ден мың ұяға дейін асырауға болады дейді кәсіпкер.

 Көкпекті филиалының директоры Әлия Мұқашеваның айтуынша, кәсіпкердің жобасы инновациялық және өңірде баламасы жоқ.

 «Жоба өте тартымды, әрі біздің сүйемелдеуімізде тұр. Жас кәсіпкер түрлі жәрмеңкелер мен көрмелерге қатысады. Жыл сайын «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауына да қатысады», – деді директор.  

 Бүгінде омартада 100 ара отбасы бар. Жоспарда бұл санды жыл сайын өсіріп отыру.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер