astana-view

KAZ Minerals Аягөзде табиғат апатынан зардап шеккендерге көмектесті

2018 жылғы 24 Мамыр
- Шығыс Қазақстан облысы
5498 просмотров

Компания бөлген 50 млн теңгеге Аягөз ауданының орталығынан 12 жер үй мен пәтерлер алынды.

Кәсіпорынның баспасөз қызметі хабарлағандай, бір үйдің орташа құны – 4,2 млн теңге.

Еске салсақ, биыл наурыз айында көктемгі су тасқынының  салдарынан Аягөзде 143 құрылысқа зиян келіп, нәтижесінде 57 тұрғын үй жарамсыз деп танылған.

KAZ Minerals компаниясы соңғы 5 жылда әлеуметтік жауапкершілік аясында 6,6 млрд теңгеден астам қаражатты Шығыс Қазақстан облысындағы түрлі әлеуметтік нысандар мен ғимарат құрылысына бөліп келгенін атап өту керек. Өскемендегі «Восток», Семейдегі «Спартак» стандиондарына жөндеу жұмыстары жүргізілген, сонымен қатар Жазкент ауылындағы Мәдениет үйінде де кешенді жөндеу жұмыстары орын алды. Облыс орталығында екі хоккей алаңы салынып, жекпе-жек сарайы, спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты, мемлекеттік символдар кешені де бой көтерген. Семей қаласында спорт интернатының жатақханасы тұрғызылып, күрес залы да салынды. Шығыс Қазақстан облысына ортопедиялық және травматологиялық операциялар үшін медициналық жабдық алынды. Ана мен бала орталына бронхоскопия жабдығы берілген. Компания Республикалық гематология орталығының құрылысына да қаржы бөлген.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер