astana-view

Ауылдың қыз-келіншектерін оқытамыз! Келіңіздер! Белсенді қатысыңыздар!

2018 жылғы 24 Мамыр
- Қызылорда облысы
3737 просмотров

Бұл туралы Кәсіпкерлер палатасы жанындағы Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Жанна Аманова айтты.

         Жоба «Әйелдер онлайн бизнесте» деп аталады. Жоба аясында өткізілетін курстың бірі «SMM-маман». Жобаның ерекшелігі – ауылдық елді мекендердегі қыз-келіншектерге арналған. Жобаға қатысу үшін Кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалына өтініш беру қажет. Өтініштер 26 мамыр мен 15 маусым аралығында қабылданады. Іскер әйелдер кеңесі өтінішті қабылдап болғаннан кейін, 22 маусым күні іріктеу тестін өткізіп, әр ауданнан 1 үміткерден таңдайды.

         Оқу курсы 30 маусымнан басталады. Екі ай көлемінде аптасына бір рет әр сенбі күні 3 сағаттан өткізіледі.

         Жобаға қатысушыларға қойылатын талаптар:

1. 2 жыл көлемінде жұмыссыз болуы қажет;

2. Жасы: 25-35 жас аралығында болуы керек;

3. Қызылорда қаласына аптасына 1 рет келіп тұруы тиіс.

Оқу курсы Қызылорда қаласындағы Әйтеке би 28мекен-жайында орналасқан Кәсіпкерлер палатасы ғимаратының 2-қабатында өткізіледі.

Туындаған сұрақтарға жауап алу үшін немесе өтінімдерді тапсыру үшін + 7 705 901 90 10 байланыс телефонына хабарласа аласыздар.

Ең бастысы жобаның барлық кезеңінен сәтті өткен үміткер жұмыспен қамтылады. 

«Біз жаңа жобамыз арқылы қыз-келіншектерді кәсіппен онлайн айналысуға үйреткіміз келеді. Жұмыс таппай жүрген немесе бала күтіміне байланысты үйде отырған қыз-келіншектерді табыс табуға үйреткіміз келеді. Неге ауылдық елді мекен азаматшаларын таңдадыңыздар дейтін болсаңыздар біріншіден, қаржылай шығын шыққанын қаламадық. Екіншіден, мұндай шаралар облыс орталығындағы аруларымызға қол жетімді, кез келген уақытта қатыса алады. Ал аудандағы, елді мекендердегі қыз-келіншектерде мүмкіндіктер бола бермейді. Сондықтан да бұл жобаға ерекше мән беріп отырмыз», - дейді Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Жанна Аманова.

Айта кетейік, қазір кәсіппен айналысуда қыз-келіншектердің де белсенділігі уақыт өткен сайын артып келеді. Мәселен, осы жылдың 4 айында облыс бойынша 771 қызылордалық сервистік қызмет алса, оның 288-і қыз-келіншектер. Сондай-ақ, 157 азаматша «Бизнес-кеңесші» оқу курсынан өткен.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер