astana-view

«Бизнес-Кеңесшіден» басталған кәсіпкерлік жолы

2018 жылғы 06 Маусым
- Солтүстік Қазақстан облысы
9052 просмотров

Мәмлүт ауданының тұрғыны Разалья Балкина – бүгінде табысты кәсіпкер. Ол тамағы дәмді, бағасы тиімді ғана емес, қызмет көрсету сапасы да жақсы кафенің ісін жүргізіп келеді.

Разалья Балкина тамақтану орны қандай болу керектігін жақсы біледі. Себебі жергілікті кафеде 10 жыл аспаз болып жұмыс істеген.

«2016 жылға дейін кафеде аспаз болдым. «Бизнес-Кеңесші» жобасында білім алып, өз ісімді ашуға қадам бастым. Жұмыс істеп тұрған бизнесті сатып алғанымен, айналымға салатын қаражатым жоқ еді. Осы мәселені Кәсіпкерлікті қолдау орталығындай айттым, онда бизнес-жоспар құруға, несие алу үшін қажетті құжат жинауға көмектесті», - дейді іскер ханым.

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша жылдық мөлшерлемесі 5%-бен 1,8 млн теңге несие алды. Әзірше кафені жалға лып отыр. Келешекте өзінің жеке меншіктегі дәмханасы болғанын жоспарлауда.

Кафе жұмыс істегелі келушілердің саны екі есе артып, қосымша жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді. Іскер ханымның жігері, дәмді түскі ас пен тәтті тоқаштар қонақтардың көңілінен орын алып, тұрақты келетін орынға айналдырды.

«Сәттіліктің құпиясы қарапайым – ең бастысы өз ісіңе жаныңды салып кірісу, келушілер үшін шын пейілмен ас дайындау және жақсы қызмет көрсету. Олар түскі ас ішу үшін ғана емес, мерекелерін атап өту үшін де қайта келері анық», - деп тұжырымдады Разалья Балкина.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер