astana-view

Астанада «Отандық тауар өндірушілердің бәсекеге қабілеттігі» атты форум басталды

2018 жылғы 18 Маусым
1915 просмотров

18 маусым күні «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының V Съезі қарсаңында «Отандық тауар өндірушілердің бәсекеге қабілеттігі» атты форум өтеді.

Іс-шарада отандық тауар өндірушілердің бәсекеге қабілеттігі арттыру бойынша тәсілдер, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының отандық тауар өндірушілерді қолдауға бағытталған жаңа саясаты және 2020-2024 жылдарға арналған Индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасының жаңа тұжырымдамасы таныстырылады.

 Форум жұмысына «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов, ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек, мемлекеттік органдар, бизнес қауымдастықтар мен кәсіпорындардың басшылары қатысады.  

Сонымен қатар «Отандық тауар өндірушілердің бәсекеге қабілеттігі» форумы аясында «Атамекен» ҚР ҰКП, «Самұрық-Қазына» Қоры және ҚР Инвестициялар және даму министрлігі арасында жобалық кеңсе құру туралы Келісім жасалады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер