astana-view

«Бастау» бизнес-жобаларының үздік 30-дығына үш ақмолалық кірді

2018 жылғы 20 Маусым
- Ақмола облысы
5431 просмотров

«Атамекен» ҰКП V Съезі аясында Астана «Бастау» жобасының қатысушылары мен түлектерінің форумы өтті. Форумға қатысу үшін өз кәсібін ашқан немесе бар кәсібін кеңейткен 150 табысты кәсіпкер шақырылды. Қатысушыларды таңдау бірнеше белгілер бойынша жүргізілді: жобаның әлеуметтік маңыздылығы, жұмыс орындарын қалыптастыру, жобаға қатысушының әлеуметтік осалдығы және бюджетке салықтың түсуі.

Бизнес-жаттықтырушылар мен өңірлік үйлестірушілерден құралған комиссияның алқалық дауыс беруі нәтижесінде бизнес-жобаларының үздік 30-дығы таңдалды.

Үздік 30-дыққа Ақмола обылысының «Бастау» түлектерінің бизнес-жобалары да кірді.

Атбасар ауданының Покровка ауылының 25 жасар тұрғыны Тимур Сәрсенбаев «Бастау» жобасының алғашқы қатысушыларының бірі болды. 2017 жылдың сәуірінде оқытудан өтіп, «бордақылау үшін жас ірі қара малды сатып алу» жобасын сәтті қорғап шықты. Шілде айында ЖК (жеке кәсіп) ашып, несие алу үшін құжаттар жинауды бастады.

Қазан ауында Ақмола облысының «Береке» бағдарламасы бойынша Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы 14 ірі қара малды бордақылау үшін 2 900 000 теңге көлемінде несие алды.

Қазіргі таңда жас кәсіпкердің бизнесі алға жүріп келеді. Өз өндірісінде Тимур малды тамақтандыру үшін жем мен суды беретін автоматты жүйе орналастырған. Жас кәсіпкер қазіргі уақытта тек бір жұмыс орнын жасап отырғандығына қарамастан фермер мал шаруашылығы саласында жаңа жұмыс тәсілдерін енгізіп, одан ары дамуға ниетті.

Бақтыгүл Кішкенова Зеренді ауданының тумасы. Бизнес саласында тәжірибесі бар, табысты кәсіпкер бола тұра, «Бастау» жобасы бойынша оқытудан өтуді шешті.

Өткен жылдың тамызында сауда-саттық қызметін дамыту бойынша бизнес-жоспарын қорғап шықты. 20 млн теңге клеміндегі жеке қаражатына жобасын жүзеге асырып, Зеренді ауылында екі азық-түлік дүкенін ашты.

Кәсіпкердің айтуынша «Бастау» жобасына қатысу арқылы тәжірибе қолдануға болатын көптеген жаңа білім алды.

Ерементау ауданы Еңбек ауылының тұрғыны Бауыржан Досмағанбетовта «Бастау» жобасына қатысып, өзінің жеке қаражатына кәсібін кеңейтуге мүмкіндік алды. Кәсіпкер ұлттық нақыштағы стөлдер дайындайды. Тауар негізінен өз ауылы мен ауылына жақын тұрған елді мекендерде сұранысқа ие.

Бауыржаның айтуынша «Бастау» жобасына қатысу мақсаты тауарды жүзеге асыру тәсілі ретінде маркетинг негіздерін үйрену. Кәсіпкер маркетингті үйрену барысында әртүрлі ақпаратты қолдану, білім берудің интерактивті тәсілдері оқыту курсын қызықты әрі тиімді еткендігін атап өтті.

Қазіргі күні «Бастау» түлегі өзінің тауарын елордалық базарда сәтті жүзеге асыруда.

Еске салсақ, «Атамекен» ҚР ҰКП 2017-2021 жылдар аралығында Жаппай кәсіпкерлікпен айналысу және нәтижелі жұмыспен қамтуды дамыту бағдарламасының 2-ші бағытының қаржылай емес қолдау операторы. Осы бастама негізінде «Бастау» кәсіпкерлік негіздерін оқыту жобасы жүзеге асады.

Жобаның басты мақсаты – кәсіпкерлік қызметке баулу арқылы ауыл халқының экономикалық белсенділігін арттыру.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер