astana-view

Қазақстанда «ӘР АУЫЛҒА БІР ҚАМҚОРШЫ» атты әлеуметтік жоба іске қосылады

2018 жылғы 21 Маусым
7580 просмотров

Жоба  ҚР Президентінің «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына бизнес-қоғамдастықтың үн қатуы болып отыр әрі ауылды көркейтудің құралы ретінде меценаттықты дамытуға бағытталған

Бұл туралы 21 маусым күні Орталық коммуникациялар қызметі алаңында мәлімдеме жасалды.

Брифинг жұмысына «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов, кәсіпкер-меценаттар Жақсылық Үшкемпіров, Исламбек Салжанов қатысты. 

«ӘР АУЫЛҒА БІР ҚАМҚОРШЫ» Әлеуметтік жобаны «Атамекен» ҚР ҰКП әріптестігімен «Менің атамекенім» қоғамдық бірлестігі жүзеге асырып отыр.

 Бірлестікті құру және жобаны іске асыру – ҚР Президентінің «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына бизнес-қоғамдастықтың үн қатуы болып отыр.

«Менің Атамекенім» қоғамдық бірлестігінің миссиясы – қоғамдағы ұлттық құндылықтарды жүзеге асыру және адамзаттың  мәңгілік құндылықтарын ұғыну арқылы кәсіпкерлер арасында қайырымдылық мәдениетін дамыту.

«Менің Атамекенім» әлеуметтік жауапты бизнеске арналған ДИАЛОГ АЛАҢЫНА айналмақ, онда қоғамның мәселелері талқыланып, меценаттық және қайырымдылықтың дәстүрін енгізуді ынталандыру, әлеуметтік мәселелерді шешуге қатысуға кәсіпкерлерді  материалдық және моральдық ынталандыру құралдарын енгізу, сонымен қатар әлеуметтік жауапты бизнестің мүмкіндіктерін кеңейту механизмі қолға алынады.

Қоғамдық бірлестіктің сүбелі жобаларының бірі – «ӘР АУЫЛҒА БІР ҚАМҚОРШЫ» – ауылдар дамуын көтермелеу құралы ретінде мецентаттықты қолдауға бағытталып отыр.

«Қоғамда туған өлкесін қолдағысы келетін табысты бизнесмендер көп. Осы ниетті шынайылыққа айналдыратын ыңғайлы, тиімді, сонымен қатар ашық механизмдердің жоқтығы мәселе болып отыр. Күнделікті қызметтен қолы босамайтын кәсіпкер үшін ауылдың қайырымдылық жобаларына уақыт бөлу мүмкін болмай жатады», – деді Абылай Мырзахметов.

Өз кезегінде «Атамекен» ҰКП ауылдарға талдау мен скрининг жүргізетін болады. Осы негізде Қазақстанның мінсіз ауылы келбеті қалыптасқан. Менсіз ауыл – бұл дамыған инфрақұрылым, ауыл тұрғындарына арналған жақсы жағдай, жинақталған мектеп, медициналық нысандар, жастарға арналған кешендер, жас отбасыларды баспанамен қамту, сонымен қатар құрылған жаңа жұмыс орындар.

«Әр ауылға бір қамқоршы» жобасы 5 нақты қадамға негізделіп отыр

 Осылайша, қазіргі таңда ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕР КАРТАСЫ әзірлену үстінде, онда ауыл аймақтың қажеттілігі, ауылдағы бизнес дамуының әлеуеті туралы ақпарат жиналып, әр ауылдың өсу қарқыны анықталатын болады. Зерттеу нәтижесінде ауылдың барлық тіршілік саласын қамтитын әлеуметтік әрі инфрақұрылымдық игіліктер матрицасы қалыптастырылатын болады.

 Бұл бағыттағы келесі қадам – өңір кескінінде, мемлекеттік марапаттарға үміткерлерді анықтау үшін ашық дауыс беру жүйесін енгізу арқылы  МЕЦЕНАТТАР ТІЗІЛІМІНІҢ ОНЛАЙН-ПЛАТФОРМАСЫН құру болмақ.  

Меценаттармен атқарылатын жұмысты жеңілдету үшін құны 5 мың теңгеден басталатын, ауылдық жерлерді дамытудың барлық бағыттарына әсер ететін   «ТОПТАМАЛЫҚ ШЕШІМ» тізімі әзірленетін болады.  Мұндай топтама кітап, жиһаз сатып алудан бастап, ғимарат салу, брендинг бойынша жұмыс, зерттеулер, ауыл тұрғындары үшін оқу құнын төлеу сынды материалдық және материалдық емес шешімдерді қамтиды. Осындай әр үлес қосу бағалануы тиіс, сондықтан жобаға әр қатысушы үшін меценат келгенге дейін әр келгеннен соң ауылдың өсу серпіні анықталатын болады.

 Осы ауқымды жобаға меценаттарды қызықтыру үшін белгілі бір ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЫНТАЛАНДЫРУДЫ енгізу ұсынылып отыр. Ірі жобалар бойынша мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жүйесі, салықтық жеңілдіктер, субсидиялар мен аудиенциялар қарастырылуы керек. «Менің Атамекенім» жобасын жүзеге асыру әлеуметтік бизнес саласында ҚР заңнамасына оң әсер етпек.

Сонымен қатар меценаттықты МОРАЛЬДЫҚ КӨТЕРМЕЛЕУ механизмдері қолданылады. белсенді өмірлік ұстанымы бар адамдарды ынталандыру мақсатында мемлекеттік марапаттаулар әзірленетін болады, сонымен қатар БАҚ-та ауқымды PR-компаниялар жақсылық шараларын насихаттау үшін қолданылады, әлеуметтік нысандар мен көшелеріне меценттардың аттары беріледі.

Осылайша «Менің Атамекенім» және «ӘР АУЫЛҒА БІР ҚАМҚОРШЫ» атты жоба мәселелердің бүтін кешенін шеше алатын болады. Ауылда өмір сүру деңгейі жақсарады, ішінара жұмыссыздық пен экономикалық тұрақты емес ауыл мәселесі шешіледі, бизнес ауыл тұрғындарына көмек көрсетудің ашық әрі тиімді құралдарын алады, сонымен қатар ауқымды PR арқылы өз компаниясын танымал етеді. Қазақстанның барлық тұрғындары тиімді көмек құралдарын ала алады, сөйтіп, меценаттық таңдаулы адамдардың ісі ғана болудан қалады. Сонымен қатар әлеуметтік жауапты бизнес белгілері анықталмақ, бұл белгілер Қазақстан Республикасы заңнамасында көрініс табады.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер