astana-view

ҚР Премьер-министрі Ақмола облысының кәсіпкерлерімен бірге агрөнеркәсіп кешенін дамытудың әлеуетін талқылады

2018 жылғы 25 Маусым
- Ақмола облысы
5082 просмотров

Бүгін Ақмола облысындағы жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев етті қайта өңдейтін зауыт жұмысымен танысып, өңірдегі ауыл шаруашылығы өндірушілерімен кездесті. Мақсаты – Мемлекеттік агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағдарламасының жүзеге асырылуымен және Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдауында берілген тапсырмасының орындалуымен танысу, деп хабарлайды primeminister.kz.

Жыл басында Мемлекет басшысы 5 жыл ішінде агроөнеркәсіп кешенінде еңбек өнімділігін арттыруды және ауыл шаруашылығында қайта өңделген өнімнің экспортын кемінде 2,5 есе көбейтуді тапсырды.

Етті қайта өңдеу және консервілік жартылай фабрикасын өндіретін цех жұмысымен танысу барысында Премьер-министріне дайын өнімді экспорттық тасымалдауды арттыру қарқыны туралы ақпарат берілді. «Бижан» етті қайта өңдеу зауыты» ЖШС бас директоры  Х.Бижан зауыттың жобалық қуаттылығы жылына 5 мың тонна ет өнімін өндіруге мүмкіндік беретіндігін айтты. 2017 жылы 289,2 млн теңгеге өнім өндірілген, 2018 жылдың 5 айында – 486,4 млн теңгені құрады. Бүгінде Ресей нарығына экспортқа шығады, Орталық Азия мен Қытайға тауар шығару да жоспарланып отыр.

2018 жылдың қаңтар-мамыр айларында Ақмола облысында ауыл шаруашылығы өнімінің шығарылуы 53,6 млрд теңгені құрады, былтырғы осы кезеңдегі деңгеймен салыстырғанда 4,2%-ға жоғары. Биылғы 5 айда азық-түлік өнімдерінің өндірісіне салынған инвестиция көлемі былтырғы кезеңмен салыстырғанда 167%-ға артып, 3,9 млрд теңгені құрады. Ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеуде биыл қаңтар-сәуір айларында шұжық өнімінің өндірісі 20,5%-ға артты (493-тен 594 т. дейін).

Одан кейін Премьер-Министр облыстағы ауыл шаруашылығы өндірушілерімен кездесіп, агроөнеркәсіп кешенін және Астана маңында азық-түлік белдеуін дамытуды ескере отырып, өңірдегі қорды дамытудағы келелі мәселелерді талқылады. Сонымен қатар 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағдарламасы аясында берілетін жаңа мүмкіндіктер, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау құралдары мен механизмі қарастырылды.

Жиынды ашқан Бақытжан Сағынтаев Елбасының тапсырмасын орындау мақсатында мемлекеттік агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағдарламасы жандандырылып, бірқатар басым бағыт анықталғанын атап өтті. Олардың қатарында өнімділікті арттыру үшін барынша жеңілдету және автоматтандыру ғана емес, жаңа технологияны енгізу ынталандырылатын мемлекеттік қолдаудың тиімділігін арттыру бар. Субсидияны оңтайландыру есебінен ауыл шаруашылығы өндірушілерін қаржы құралдарымен қолдау көлемі арттырылады.

Премьер-Министр сонымен қатар мемлекеттік бағдарламаны сәтті жүзеге асырудың басты шарты ­– агарарлық ғылымды дамыту, импортты алмастыру және экспорттық әлеуетті арттыру.

Ақмола облысы ауыл шаруашылығы тауарларының көлемі бойынша алдыңғы орында. Өңірде дәнді дақылдардың егістігі республика көлемінде ең ауқымды, облыстың Астана қаласына географиялық жақындығы оны азық-түлік белдеуінің негізгі қатысушына айналдырады.

Елорданың азық-түлік белдеуіне Астана қаласынан 300 шақырым радиусында орналасқан Ақмола облысының барлық 17 ауданы кірді. Бүгінде азық-түлік белдеуінің өндірістік аумағында өнімнің 12 түрі (ұн, макарон өнімдері, нан, ет, құс еті мен жұмыртқа, жылқы, сиыр, шошқа еті, картоп, қызылша, қызанақ, қияр) бойынша сұраныс толық қамтылады. Астананы тауардың 9 түрімен қамтамасыз ету әлеуеті де бар: өңделген сүт, қышқылды сүт өнімі, сары май, ірімшік және сүзбе, қой еті, шұжық, қырыққабат пен сәбіз.

Мемлекеттік агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағдарламасы беретін мүмкіндіктер жайында Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі А.Евниев баяндады. Оның айтуынша мемлекеттік жаңа бағдарламасында басты назар қаржы мен жер учаскесі керек фермерге аударылады. Мал өсіру, қой шаруашылығы, жылқы өсірумен айналысатын 80 мыңнан астам отбасылық шаруашылық құру, жайылымды 58 млн гектарға ұлғайтылып, ірі қара малдың басы 15 млн дейі, қой 30 млн басқа дейін арттыру қарастырылған.

«Фермер қаржылай қолдау қоры жанындағы аграрлық несие корпорациясы арқылы 15 жылға 4% мөлшерлемемен қаражат ала алады. Бұл мәселе шешіліп жатыр, тек нақты технологиялық тәртіп керек», ­– деді бірінші вице-министр.

Мұнымен қоса, А.Евниев Астана маңында азық-түлік белдеуін дамытуда Ақмола облысының әлеуеттері туралы айтты.

«Астананың маңында азық-түлік белдеуін дамыту Мемлекет басшысының тапсырмасы. Бұл өңір үшін үлкен мүмкіндік. Қазір Үкіметтің тапсырмасымен жол картасы қабылданады, оның аясында Астананың азық-түлік белдеуіне қатысушының дәрежесі анықталып, «ҚазАгро» қаржы институтында арнайы жағдай, сондай-ақ жер және басқа да мәселелерді қарастыруда жеңілдіктер береді», – деді А.Евниев.

Астана маңында азық-түлік белдеуін қалыптастырудың Жол картасы жобасында қарастырылады:
Агломерация аумағында өз өнімін өндіру;
Қалыптасқан азық-түлік белдеуінің аумағынан өндіру және жеткізу (Астана маңында 300 ш.);
Еліміздің басқа өңірлерінен өнім жеткізу.
«Елорда азық-түлік белдеуінің қатысушысы» дәрежесін беру механизмі енгізіледі, бұл Астана қаласына азық-түлік жеткізуге тұрақты кепілдік береді. Мұнымен қоса, агроөнеркәсіп кешенінің осындай статус алған субъектілері, қаладағыөткізу нарығына, оның ішінде коммуналдық базарлар және т.б. шығуда басымдыққа ие болады, сондай-ақ «ҚазАгро» холдингінің еншілес компанияларынан несие және субсидия алуға қол жеткізеді.

Кездесу барысында өңірдегі аграрлық сектордың өкілдері ойларын ортаға салды. «Altyntau Kokshetau» АҚ бас директоры И. Когай, «Тыныс» АҚ бас директоры Қ.Қалманбаев, «Көкше–Цемент» ЖШС директоры М.Ескендіров, «Көкшетауминсулар» АҚ бас директоры С.Максимец, «Жукова» мейманхана кешені ЖК директоры И. Жукова, «Новопэк» ЖШС директоры А.Жақыпов, Макинск құс фабрикасының директоры Р.Тоқсейітова, Сандықтау ауданының «Каменка және Д» ЖШС директоры А.Джейранов бизнестің бәсекеге қабілеттігін арттыру мәселелері жөнінде сөз сөйледі. Атап айтқанда, «Цифрлық зауыт» жобасының мысалында технологиялық жаңғырту, цифрландыру және роботтандыру, ауыл шаруашылығы техникасын субсидиялау және өңірдің инфрақұрылымын одан әрі жаңғырту мәселелері талқыланды.

«Атамекен» ҚР ҰКП Абылай Мырзахметов өңірдегі ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер көтерген барлық мәселе Үкіметпен бірлесіп талқыланатындығын, мұқият пысықталатынын айтты. Сонымен қатар көршілес елдерге экспортты арттыру керектігін атап өтті.

Кеңесті қорытындылаған ҚР Премьер-Министрі мемлекет тарапынан ауыл тұрғындарына қажетті барлық жағдай жасалғанын атап өтті.

Ел үкіметі мемлекет басшысы берген міндерттерді уақытылы орындау үшін қажетті шаралардың барлығын қабылдап отыр және Қазақстан үшін аграрлық сектордың стретагиялық мәні жоғары екенін түсінеді. Б.Сағынтаев агробизнесті міндеттерді орындау процесіне қатысуға, идеялар мен нақты шешімдерді ұсынуға шақырды.

Еліміздегі агро-өнеркәсіп саласындағы негізгі өңірлердің бірі Ақмола облысы. Республика бойынша 25% бидай, 7% сүт және 5,8% ет өндіреді. Бидайдың жылдық орташа өндірісі облыс бойынша соңғы бес жылда 5 млн тоннаға жетті. Ал жылдық орташа экспорт көлемі осы кезеңде 1,5 млн тоннаны көрсетті. Мал шуарашылығында барлық түліктің басы жыл сайын көбейіп отыр және оның өнімі 3%-дан 7-%ға дейінгі аралықты құрайды.
Облыста малды бордақылау бойынша арнайы кәсіпорындар желісі жұмыс істейді, олардың қуаты бір уақытта 1,5 мыңнан 5 мың мал басына дейін жемдеуге жетеді. Жалпы аталған кәсіпорындардың толық қуаты 27 мың мал басын құрайды.

Еншілес ұйымдар

Серіктестер