astana-view

Басты белгі – сұраныс, бас сарапшы – жұмыс беруші

2018 жылғы 25 Маусым
- Ақтөбе облысы
5661 просмотров

Облыстағы кәсіпорындар Ақтөбе техника-технологиялық колледжі түлектерге жұмысқа орналастыру туралы сертификаттарды табыстады

Ақтөбе облысы кәсіпкерлер палатасы кәсіпорындар мен білім беру мекемелерінің арасында өзара әріптестік байланыс орнатуға ықпал етіп келеді. Бүгін әлеуметтік серіктестер мен облыстық кәсіпорындар Ақтөбе техника-технологиялық колледжінің түрлектеріне жұмысқа орналастыру туралы сертификаттар табыс етті.

Биыл 112 түлектің 58-і (65%) еңбек етеді немесе өздерінің еңбек жолын «Premium Сервис» ЖШС, «Mediapro» ЖШС, «Лучшее решение» ЖШС, «Jet Logistic» ЖШС, «Пегас Моторс Сервис» ЖШС, «Вест моторс Сервис» ЖШС, «Автодиагностика» ЖШС, «Ақбұлак» ЖШС, «Влад» ЖШС, «Стро Бетон Индустрия» ЖШС сынды компаниялардан бастайды.

«Кәсіпорынның сұранысына толықтай бағытталған маман дайындаудың өзара тиімді ынтымақтастығының сәтті үлгісі қалыптасты, жұмыс берушілерді оқу процесіне кірісуді сұраймыз. Бұл білім беру бағдарламасына қатысу, материалдық-техникалық базаны ортақтасып пайдалау мүмкіндігі. Осылайша қайырымдылық туралы емес, серіктестік байланыс жайлы айтатын боламыз», – деді Кәсіпкерлер палатасы адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы Дамиля Құнанова.

Негізінен, бүгінде көптеген кәсіпкерлерде техник, механик, электрин, электр-газ дәнекерлеуші, электр монтаждаушы, секілді техникалық мамандарға сұраныс бар. Колледж жұмыс берушілерді осы мамандармен қамтамасыз етіп отыр. Алайда жұмыс берушілер барлығын бірдей жұмысқа шақыра бермейді, лайықты, білікті мамандарды қабылдайтынын атап өту керек. Көбі арнайы емтихан арқылы қабылданды.

Биыл колледжі 112 түлек аяқтады. Оның ішінде 7 бітіруші ерекше диплом иегері атанды.

Ақтөбе техника-технология колледжі 2004 жылы ашылған. Осы уақытқа дейін 2811 түлек диплом алды. Жеке меншік колледжі кәсіпкер Әкім Жансүйгеновтің құрылтайшылығымен ашылған.

«Ақтөбе облысы кәсіпкерлер палатасы дуальді білім бері аясында оқыған түлектердің жұмысқа орналасуын бизнестің бизнеске іскерлік қолдау көрсетуі мүмкіндігі ретінде қарастырады», – деді Дамиля Құнанова.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер