astana-view

«Алтын Сапа» байқауына өтінімдерді қабылдау 1 шілде күні аяқталады

2018 жылғы 26 Маусым
- Алматы қаласы
4540 просмотров

Қазақстан Республикасы Президентінің сапа саласындағы сыйлығын беру салтанаты жылдың елеулі оқиғасы. «Алтын Сапа» сыйлығын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жеңімпаздарға өзі табыстайды, бұл жайт байқаудың мәртебесін көрсетеді.

ҚР Президентінің 2006 жыл 9 қазандағы № 194 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын Сапа» сыйлығы өнім және/немесе қызмет көрсетуде сапа саласында жетістікке жеткен, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ ұйымның сапа менеджменті саласында тиімді әдістерін ұйымдастыру үшін  жыл сайын байқау  негізде отандық кәсіпорындарға беріледі.

 «Алтын Сапа» сылйғы төрт аталым бойынша беріледі:

 «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар»,

 «Халыққа арналған үздік тауарлар»,

«Үздік азық-түлік тауарлары»,

«Азық-түлік тауарлары және/немесе ауыл шаруашылығы өнімін шығаратын үздік кәсіпорын».

 Әр аталым бойынша үш категория қарастырылған:

 Шағын кәсіпкерлік субъектісі;

Орта кәсіпкерлік субъектісі;

Ірі кәсіпкерлік субъектісі.

Байқауларға Қазақстан Республикасының аумағында тауарлар өндірумен (қару-жарақ пен әскери техника өндіруді қоспағанда), қызметтер көрсетумен айналысатын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар қатыса алады. Мемлекеттің қатысу үлесі 50%-дан асатын ұйымдар, сондай-ақ өздеріне қатысты белгіленген тәртіппен оңалту және банкроттық рәсімдерін жүзеге асыру туралы шешімдер қабылданған ұйымдар байқауға қатыса алмайды.

Сыйлық лауреат атанған қатысушыларға байқау таңбасы, дипломдар және ақшалай жүлдені қарастырады. Ақшалай жүлдені мөлшері 450 АЕК-ті құрайды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер