astana-view

Елордаға – Түркістан облысы кәсіпкерлерінен

2018 жылғы 27 Маусым
- Шымкент қаласы
9873 просмотров

Түркістандықтар Астанадағы жәрмеңкеге 300 тоннаға жуық азық-түлік жөнелтті

Түркістан облысының тауарөндірушілері Астана қаласының 20 жылдық мерекесіне орай ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесін өткізді. Шараға 50-ден астам кәсіпкер 286 тонна ауыл шаруашылығы өнімдерін алып келді: 65 тонна ет және ет өнімдері, 101 тонна көкөніс, 18 тонна сүт өнімдері, 23 тонна жеміс-жидек, 18 тонна картоп, 20 мың дана жұмыртқа, 6 тонна балық, 5 тонна кептірілген жеміс, 4 тонна түрлі консервілер, 41 тонна басқа өнімдер сатылымға шығарылды.

Түркістандық шаруалар Елордаға 14 753 тоннаны құрайтын ауыл шаруашылығы өнімдерінің 28 түрін жөнелтіп, 5 рет жәрмеңке өткізуді жоспарлауда. Ауыл шаруашылығы өнімдері 17 автокөлікке тиелген алғашқы керуен Елордаға 20 маусым күні жолға шықты.

Республикада өндірілетін ауыл шаруашылығы саласындағы жалпы өнімінің 12,4 пайызы Түркістан облысына тиесілі. Мәселен, елімізде өндірілген мақтаның - 100, жүзімнің - 72,5, бақшаның – 60, жеміс-жидектің – 38 пайызы осы облыстың үлесінде. Бұдан бөлек, Түркістан облысы озық технологиялар терең қопсыту бойынша 110 мың, интенсивті бау 2,8 мың, жылыжай салу 1 325, тамшылатып суғару әдісін еңгізуде 59,1 мың гектармен республикада алдыңғы қатарда.

Сондай-ақ, Ондағы мал шаруашылығы бағытында халықаралық стандарттарға сәйкес ірі мал бордақылау мен замануи робатталған сүт-тауарлы фермалар және құс фабриклары іске асырылуда. Бұл облыстың аграрлық саласының экспорттық әлеуетінің жоғарғы екендігін көрсетеді.

Бүгінгі күннің өзінде облыста 60 мыңнан астам жеке және қосалқы фермерлік шаруашылықтарды біріктіретін 704 ауыл шаруашылығы кооперативтері құрылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер