astana-view

Айыртаулықтар «Бастау» жобасын қолдайды

2018 жылғы 05 Шілде
- Солтүстік Қазақстан облысы
9344 просмотров

Солтүстік Қазқастан облысының тұрғындары «Бастау» жобасының жүзеге асырылуын ерекше қабылдады. Кәсіпкерлік негіздеріне баулитын жоба ауыл шаурашылығы кооперативтерін құру қағидатына да бағытталған.

Кәсіпкерлер палатасының Айыртау аудандық филиалында «Бастау» жобасына қатысушыларға сертификат табыстау рәсімі өтті. 28 мамыр мен 22 маусым аралығында курстан 29 тұрғын өтті, 24 тыңдаушы сәтті аяқтап, 15 білім алушы бизнес-жоспарларын қорғады.

«Бастау» жобасы жан-жақты қамтылған, білім алушылар кәсіпкерлікпен айналысу, ірі қараны көбейту, жылқы өсіру, сүт өндірісі секілді көптеген жобаның түрімен танысты. Кәсіпкерлер мемлекет тарапынан ауыл халқына көп көңіл бөліп отырғанына қуанышты. Кәсібін енді бастаушыларға тиімді несиемен қолдап, қаржылай емес қолдау арқылы қаржылық сауаттылықты арттыруға ықпал етіп отыр», – дейді Айыртау аудандық филиалының директоры Данияр Қалымов.

«Бастапқы жылы Кәсіпкерлікті қолдау орталығына жүгіндім, қолдау шаралары, қаржы құралдары туралы ақпарат алдым. «Бастау» жобасына қатысу ұсынылғанда, 1 ай бойы қалай оқуға болады деп ойлаған едім, бірақ күн сайын жаңа қырлар ашылып, сабақ қызықты бола түсті. Міне, сертификат та алдық, бұл бизнеске келгенімді растайды әрі басы ғана...» – дейді жобаға қатысқан Вил Қазбеков.

Солтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Дархан Қалиев жобаны сәтті аяқтағандарға сертификат табыстады.

Өңірлік бизнес-қауымдастықтың басшысы тыңдаушыларды құттықтап, әрқайсысына жылы лебізін білдірді. Білім алушылар ойға алған істі жүзеге асыруға мүмкіндік берген Кәсіпкерлер палатасына, жобаға алғыстарын жаудырды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер