astana-view

Тимур Құлыбаев: Отандастардың пікірін ел туризмін дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламаның негізіне алу керек

2018 жылғы 10 Шілде
8874 просмотров

«Атамекен» ҚР ҰКП бизнес-бастамалары Қазақстанда туризмді дамыту бойынша мемлекеттік бағдарламаны және тиісті заң жобасын дайындауда ескеріледі

Ішкі және сртқы турзимді дамыту, сондай-ақ туристік бизнесті қолдау тақырыбын «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев, Мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов пен «Kazakh Tourism» ҰК Төрағасы Рашид Күзембаев жұмыс барысында талқылады.

Вице-министр Ерлан Кожағапанов туризм саласына әлі күнге дейін лайықты деңгейде көңіл бөлінбей отырғанына назар аударды. Ол ешқандай нақты даму бағдарламасы, тиісті заң болмастан бір мекемеден екінші мекемеге 12 рет беріліп келген. Мемлекет басшысының тапсырмасынан кейін туризм саласы үкіметтің жобалық кеңсесіне «олимпиадалық трассаның» негізгі 6 басымдығының қатарына және 2022 жылға дейінгі Ұлттық экспорттық стратегиясына енді. Қазіргі таңда салалық министрлікті ҚР туризмді дамыту мемлекеттік бағдарламасының жобасы мен тиісті заң жобасы дайындалуда. Мекеменің атап өтуінше, «Атамекеннің» бизнес-бастамалары аса құнды әрі өзекті. Оның үстіне ҚР Президенті осы жұмысқа Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қатысуын тапсырған.

Ұлттық палата басшысы Қазақстан туристификациясының бірыңғай картасынан бөлек, туристік сұранысқа ыңғайлау, туристік бизнестің дамуы үшін инфрақұрылымды жақсарту қажеттілігі үшін жергілікті жерде сервис деңгейін арттыруда өңірлік туристификация картасының болуы маңызды екенін атап өтті. Әкімдіктер осы жұмысқа белсенді қатыстырылуы тиіс, мемлекеттік бюджеттен таяу жылдары инфрақұрылымды дамытуға арнап жалпы 140 млрд теңгеге жуық қаржы қарастырылған.

«Мемлекет инфрақұрылым құру және ел брендін ілгерілету мақсатында ауқымды қаражат бөліп отыр. Біздің міндетіміз осы бөлінген қаржы, нәтижесінде міндеттердің бірі – азаматтарға мәдени, белсенді және қол жетерліктей демалыс пен сауығу мүмкіндігін беруді шешу үшін мақсатына қарай тиімді жұмсалуы керек», – деді Ұлттық палата басшысы.

Тимур Құлыбаевтың пікіріне сүйенсек, қазіргі таңда маңыздысы – барлық жүйелі мәселелер мен бағыттар халықаралық ереже мен нормаға сәйкес кәсіби нақты есеппен ескерілген Бас жоспар дайындау.

«Барлығын да кешенді ойластырған маңызды. Бұл сала жүйелілікпен ғана жұмыс істейді – бір жағы босаңсыса – механизм істен шығады. Барлық жерде жол, кәріз, қонақ үй саны, демалыс үйлері, шипажайлар – кез келген адамның қалтасына қарай, ортақ сәулет стилін ұстанған инфрақұрылым құрылып немесе модернизацияланып, кеңейтілуі тиіс. Заманауи таза ғимараттың болғанын ескерген маңызды, мысалы Бурабайға туристердің көптеп келуі сол өңірдің экологиясын бұзуы мүмкін», – деп атап өтті «Атамекен» басшысы.

Тимур Құлыбаев мемлекеттік орган өкілдерін туристификация картасын тұрғындар мен өңір кәсіпкерлерінің пікірін ескере отырып дайындауға шақырды.

«Халықтың балаларымен қайда демалатынын ойластыру керек, демалыс жайлы, ең бастысы арзан болуы тиіс. Ұзақ тынығу үшін де,  демалыс күндеріне де үнемді туризмді дамыту керек. Халық табиғатта демалуды, балалары да, отбасы да риза болып қайтқанын қалайды, ол үшін төменнен жоғарыға қарай жүру керек. Өңірлік салалық қауымдастықтарды қатыстырыңыздар. Жергілікті жерде тұрғындардан қайда демалатынын, оларға не қажет екенін, қандай талап-тілектері бар екенін сұрап, біліңіздер. Тұрғындар қайда демалу керектігін біледі, сол жерге инфрақұрылымды жеткізу керек», – деді Тимур Құлыбаев.

Мұнымен қоса, Ұлттық палата жұмыс берушілер үшін салық шегерімі арқылы шипажай демалысын жаңарту бойынша ынталандыру енгізуді ұсынды. Бұл кәсіподақтар мен жұмыс берушілерді өз қызметкерлерінің демалысына инвестиция құюға ынталандырады. Туристердің көлік шығынын субсидиялау отандастардың тұтастығын арттырады. Себебі бүгінде туризм мемлекеттік даму басымдығының қатарына енгендіктен, жаңа жұмыс орындарымен қамтудың тамаша мүмкіндігі туды, оның үстіне туризм мен қызмет көрсету саласында жоғары біліктілік талап етілмейді.  Кәсіби-техникалық білім беру саласында маман дайындау бойынша жұмысшы мамандарынан бастап орта буын менеджерлерін оқытуды қамтамасыз етеді, бірақ біліктілік талаптарын халықаралық стандартқа сай икемдеу қажет. Өте маңызды аспект – туристерді тартудың жыл бойғы циклын қалыптастыру.

«Шипажай, емдік-сауықтыру демалысында: шана, коньки, жүгіру шаңғысы мәселесін кеңейту керек. Балалардың демалысы міндетті түрде қажет, балалар демалатын орын жоқ. Қазақ халқында бірегей феномен, академиктер, әскери қолбасшылар және Қазақстанның басқа да  қайраткерлері шыққан Ұлытау, Түркістан, Баянауыл сынды мәдени мұрада қызықты да қасиетті орындар көп.  Мәдени, тәу ету, қызықты, кологиялық демалыстарды дамыту қажет... Жыл бойына арналған туризмді қалыптастыру керек. Егер бизнес жылына 3 ай ғана жұмыс істесе – шығынға батады. Оның үстіне жылына бір кезеңге ғана шақырылған жұмысшы жақсы маман болмайды», – дейді Тимур Құлыбаев.

Ол сонымен қатар Еуропалық мемлекеттердегі туристердің (тау шаңғысы ғана емес, басқа да түрлерінде) теңдей әрі үнемі келуі үшін мектептегі демалыс кезекпен жасалған тәжірибесінен мысал келтірді. Мысалы Францияда барлық провинция үш зонаға бөлінген, әрқайсында демалыс әр уақытта басталады. Германияда демалыс өңір ерекшелігіне қарай қойылған.

Жаппай туризмді дамытуда маңызды механизмнің бірі – «ашық аспан», қазір дәл сондай емес.

«Біз бюджетті тасымалдаушылар әуерейстерінің санын өсірмей, көшпелі және ішкі туризмді дамыта алмаймыз. Эйр Астананы алайық, сервис лайықты деңгейде, ал бағасын халықтың қалтасы көтермейді. Өз азаматтарымызды мобильді болуыдан шектеп, елімізде демалу мүмкіндігінен айырып отырмыз. Егер бағаны төмендетпесе, бюджетті тасымалдаушыларды шақырайық. Темір жол және автобус бағыттарында да мәселе ашық күйінде. Халықтың икемділігін арттыру керек, сонда көлік дәлізінің бойында халықтың табысы да артады. Бізге азаматтардың табыс көлеміне, тұрғылықты жеріне және әлеуметтік дәрежесіне қарамастан демалысты, мәдени игілікті қол жетерліктей деңгейге жеткізу керек», – деді Ұлттық палата басшысы.

«Ашық аспаннан» басқа, кіру туризмі үшін шенеуніктермен байланыс орнатуды төмендету және сыбайлас жемқорлық құрамын азайту үшін виза саясатын электронды виза енгізуге дейін лайықтау ұйғарылған.

Осылайша шығыс және таяу шығыс бағытында, әсіресе әлемдегі туристік ұлт саналатын, орта табының өзі Америка құрама штаттарының халқынан асып түсетін Қытайдан келетін туристерге арналған елде қаражат ағымы мен туризмнің қарқынды дамуын айтарлықтай деңгейге көтеруге болады.

«Біз өзіміздің туристік әлеуетімізді – географиялық орналасу және мәдени мұраны тұтастай пайдалануға жетуіміз керек», – деп тұжырымдады «Атамекен» ҚР ҰКП басшысы.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер