astana-view

«Бастау» түлегі елорданың мерейтойына орай ауыл тұрғындарына сыйлық жасады

2018 жылғы 13 Шілде
- Павлодар облысы
8270 просмотров

«Бастау» жобасы ауыл тұрғындарының іскерлік ойларына және бастамаларына қомақты қолдау көрсетуде
Бұл жоба «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы» аясында жүзеге асып отыр. 
Кәсіпкерлік шамасы бар өзін өзі жұмыспен қамтушыларға арналған ақысыз бір айлық курстарды өткізуге Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер Палатасы бастамашылық жасап отыр.
Жобаның басты мақсаты - тұрғындарға кәсіпкерліктің негізіне қажетті білім беру және өз ісін ашу үшін жеңілдетілген  несие алуға мүмкіндік жасау.
Ағымдағы жылдың басынан Май ауданында «Бастау» жобасы бойынша 72 адам курстан өтті, 16 адам үшінші кезеңде оқып жатыр.
Биылғы жылы Май ауданы Көктөбе селосының тұрғыны Әлия Мұхамеджанова осы жобаның аясында кәсіпкерлік негізіне оқыды.
Курсты аяқтаған соң жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, Әлия Мұхамеджанова «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 6 пайыз жылдық мөлшерлемесімен 5 жылға 2 млн. теңгеге қаржыландырылды.
Астананың 20 жылдығына орай «Бастау» жобасының түлегі Көктобе селосында дайын тағамдарды, сонымен қатар тұтыну қоржыны тағамдарын сататын орны бар кулинария цехын ашты.

«Жобаға разымын. Бизнес-жаттықтырушы Алмагүл Габдуллина  басшылығымен біздер өзіміздің бизнесімізді ашуға қажетті білім алып қана қойған жоқпыз, сонымен қатар біздер егжей-тегжейлі есебімен бизнес- жоспар жасауды үйрендік. Мен кәсіпкерлер Палатасының  Май ауданының филиалына көрсетілген қызметтері және жеңілдетілген несие алу үшін құжаттарды рәсімдеуде сүйемелдегендері үшін алғысымды білдіремін. «Бастау» жобасы бойынша оқыған және жеңілдетілген несие алған басқа да тыңдаушылар осылай есептейді деп ойлаймын», — дейді жеке кәсіпкер Әлия Мұхамеджанова.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер