astana-view

Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасын Ерлан Арынов басқарады

2018 жылғы 17 Шілде
- Павлодар облысы
12089 просмотров

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының шешімімен, Өңірлік кеңестің келісімімен Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасының директоры болып Арынов Ербол Сейітахметұлы тағайындалды.

Ербол Арынов 1965 жылы Павлодар облысында туған. Павлодар индустриялық институтын «Инженер-механик» мамандығы бойынша аяқтаған (1990 ж.). Сонымен қатар 2005 жылы Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтының «Заң» мамандығын бітірген. Еңбек жолын 1990 жылы Семей газ аппаратурасы зауытында ауысым шебері болып бастаған.

1993 жылдан бастап кәсіпкерлікпен айналысады: 1993 ж. – «Боранши» ШҚ, Шаруа қожалықтары қауымдастығының төрағасы;

1993-2003 жж. – «Боранши» ЖШС бас директоры;

1992-2003 жж. – «Павлодар облысы кәсіпкерлерінің форумы» қауымдастығының президенті;

2002-2011 жж. – екі шақырылымда Павлодар қалалық мәслихатының депутаты;

2003-2014 жж. – «Набережное» ЖШС бас директоры;

2014-2016 жж. – «АЕС Жилстрой» ЖШС бас директоры;

2012 жылдан бастап Өңірлік кәсіпкерлер палатасының директорлығына тағайындалғанға дейін «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы Павлодар облыстық филиалының төрағасы.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер