astana-view

Солтүстікте үшінші рет балық мерекесі өтеді

2018 жылғы 24 Шілде
- Солтүстік Қазақстан облысы
9608 просмотров

Өңірлік кәсіпкерлер палатасында жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне балық аулаудың әуесқойларына арнап балық мерекесі өткізілетіні туралы хабарланды

28 шілдеде Петропавлда Пестрое көлінде «Мөңке балық күні» үшінші рет өткізілмек. Іс-шараны Солтүстік Қазақстан облысы мейрамханашылар мен қонақ үй иелерінің қауымдастығы «Праздничный город» агенттіміен бірлесіп ұйымдастырып отыр. Солтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлік және туризм басқармасы, Өңірлік кәсіпкерлер палатасы, ҚР Балық аулау спорты федерациясы және ҚР АШМ облыстық аумақтың орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясы белсенді қолдау көрсетіп отыр,

«Биыл өңірде балық мерекесі үшінші рет өткізіледі. Пестрое көлінде өткізу дәстүрге айналды. Балық аулауға қызығатындар мен дәмді уханы ұнататындардың барлығын қатысуға шақырамыз», – дейді СҚО кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Марат Ысқақов.

Ұйымдастырушылар биылғы шараның бағдарламасы ауқымды болады деп отыр. Былтырғыдай «Мөңке балық күні» екі кезеңнен тұрады. біріншісінде балық аулаудан чемпионат өтсе, екіншісінде – мерекелік аспаздық шоу. Жергілікті мейрамхана мен кафелердің аспаздары көрермендер мен қатысушыларға арнап балықтан сорпа дайындайды. Барлығы 200 литрден астам сорпа қайнатылады деп жоспарланған.

«Балықшылар балық аулау үшін таңғы сағат 6-да тіркеуден өтіп, көлге беттей бастайлы. Байқаудың салтанатты мәресі сағат 7-30-ға шамаланған. Балық аулау барысныда жағалауда көрермендерге арналған мерекелік концерт, спорт сайысы мен отбасылық шаралар өтеді. Қазылар алқасы қосымша аталым енгізуді ұсынды», – дейді Праздничный город» агенттігінің директоры Алена Третьякова.

Петропавл тұрғындарының айтуынша бұл дәмді мереке, себебі дәл осы шара аясында дайындалатын балық сорпасын басқа еш жерден тата алмайды.

«Былтыр 500 л.сорпа қайнаттықғ оның алдында 1110 литр болған. биыл 250 л. сорпа пісіріледі. Мерекеге келетін мың жарымнан астам адам дәмін татады. Сорпаның 5 түрі дайындалады – вегетариандық, микс, көкөністен және т.б. мұнымен қоса, балықшылардың өзі кемінде 100 л. сорпа қайнатуға міндеттеледі», – дейді өңірлік қауымдастық төрағасы Сайран Хамзин

Сайыс қатысушыларының жарнасы 1000 теңге. Барлық жиналған қаражат жеңімпаздардың сый-сыяпат қорына салынады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер