astana-view

«Атамекен» бәсекелестік дамыған нарықты қолдайды: жеке сектордың МТЖ-ға қолжетімділігі қайта қаралады

2018 жылғы 24 Шілде
8301 просмотров

 Логистикадағы бәсекелестікті дамыту: «Атамекенде» жеке сектордың МТЖ-ға қол жетімділігі талқыланды

Бүгін «Атамекенде» Қанат Алпысбаевтың төрағалығымен  ҚР «Атамекен» ҰКП Президиумы Логистика және тасымалдау комитетінің  жиналысы өтті. Күн тәртібінде магистральді  теміржол желісіне (МТЖ) жеке тасымалдаушылардың қолжетімділігін ұйымдастыру бойынша пилоттық жоба  талқыланды.

«Мен әріптестерімнен жағдайды дұрыс бағалауды сұраймын. Иә, біз күрделі жобаны бастадық және жұмыстан бас тартпаймыз. Дегенмен, жеке оператор клиенттің алдында жауапкершілікті сезінуі керек: қандай жүкті тасымалдайды, кім жүк тасымалын ресімдейді, кім клиенттің алдында жауапты? Міне осы сауалдарды нақтылап, анығын  түсіндіру қажет. Мәселелерді талқылайтын ведомствоаралық топ құру дұрыс, деп есептеймін. Мүмкін, сынақ режимінде жұмыс істегеннен кейін, біз бірыңғай тарифтік әдіснамаға келеміз және оны жүзеге асырамыз. Айта кету керек, тарифтік саясат пен технологиялық мәселелерді ескере отырып, біз бұған 2020-2021 жылдардан ерте келмейміз», - деп түсіндірді Комитет төрағасы Қанат Алпысбаев.

ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің мәліметіне қарағанда  жүк тасымалдау саласында қызметті жүзеге асыру құқығы бойынша жиырма тоғыз лицензия берілген. Магистральді теміржол желісінің қызметтерін жүргізу үшін 4 жеке тасымалдаушы сұраныс берген, оның 3-імен ҚТЖ келісім- шартқа қол қойған.

 «Тасымалдаудың негізгі шарты - тасымалдау қызметіне арналған тарифті қорғау. Төрт компаниядан тек біреуі ғана тасымалдау тарифін алды. Тасымалдаушыда  ақпараттық жүйе болуы керек. МТЖ-ке қол жеткізу ережелерінде бірқатар шектеулер бар және тасымалдаушылармен талаптарды бірлесіп әзірлеу қажет», - деп мәлімдеді ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитеті төрағасының орынбасары Дмитрий Потлов.

ҚР «Атамекен» ҰКП басқарма мүшесі Елдос Рамазанов біртұтас позицияны қалыптастыру және ведомствоаралық топ құру туралы идеяны қолдай отырып, жағдайды тыңғылықты талдау қажеттігі туралы өз пікірін білдірді.

Бизнес те тақырып бойынша сырт қалмай  өз пікірін белгілеп берді.

«ТрансКом» ЖШС Тасымал қызметі басқармасы төрағасының орынбасары Лариса Смирнова жеке операторларға қойылатын талаптарды ерекше  көрсете отырып, Ұлттық оператордың қызметін заңнамалық тұрғыда бекіту қажеттігі туралы маңызды мәліметтерді атап өтті.

«Ведомствоаралық топ құру кезінде тарифтік реттеушінің пікірін ескеру керек», - деді «Бәсекелестікті дамыту және тауар нарығы  қауымдастығы» ЗТБ Кеңесінің төрағасы Жаннат Ертілесова.

 Қатысушылар Ұлттық реттеуші  мен жеке тасымалдаушылар арасындағы қатынастарды реттеу қажеттігін атап өтті.

««Атамекен» нарық  үшін. Алға қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін барлық мүдделер мен тәуекелдерді ескере отырып, жан-жақты көзқарас қалыптастыру қажет. Реттеуші механизмді, жекеменшік тасымалдаушылардың қызметтеріне қол жеткізуге байланысты қолданыстағы институционалдық, экономикалық және технологиялық проблемаларды кешенді талдауды жүргізу қажет. Барлық тараптардың ұстанымдарын ескеру керек, пилоттық жобаның нәтижелерін зерттеу өте маңызды», - деді Елдос Рамазанов.

Қорытындылай келе, Қанат Алпысбаев  қатысушыларға ведомствоаралық топ құруды және ұсыныстар енгізуді сұрады.

«Бәрінен де, бизнестен, мемлекеттік мекемеден және «Атамекеннен» ведомствоаралық топ құру үшін, кандидаттарды және  қолда бар барлық ұсыныстарды сындарлы диалог үшін ұсыну қажет», - деді ол.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер