astana-view

Қыз-келіншектерге бизнесін жүргізуге 5 %-дан бастап несие беріледі

2018 жылғы 26 Шілде
- Қызылорда облысы
3264 просмотров

Естеріңізде болса, өткен айда Астана қаласында өткен «Атамекен» ҰКП-ның V Съезі аясында республикалық Іскер әйелдер кеңесі әйелдер кәсіпкерлігін қаржылай қолдау үшін Еуразиялық Топпен (ERG) және Қазақстан халық банкімен меморандум жасаған болатын. Нәтижесінде Халық банк осы жылдың өзіне қыз-келіншектер кәсіпкерлігін қаржыландыруға 1 млрд.теңге бөлді.

Қазір республика бойынша құжат қабылдау жүріп жатыр. Қыз-келіншектерге арналған жеңілдетілген несиені алу жолдарын облыстық Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Жанна Аманова былайша түсіндіріп берді.

«Кәсіппен айналысқысы келетін қыз-келіншектердің жобаларын қаржыландыруға республика көлемінде 1 млрд.теңге қаржы бөлініп отыр. Бұл шараға біздің облыстың да азаматтары қатыса алады. Қазіргі таңда Халық банк құжаттарды қабылдауда. Жеңілдетілген несие нақты кәсібі бар жандарға да, сондай-ақ стартап жобаларға да беріледі. Берілетін қаржы көлемі 10 млн.теңгеге дейін. Несие                5 пайыздан бастап 84 айға дейін беріледі. Құжаттарды қабылдау мерзіміне шектеу қойылмаған. Дегенмен, мынай жайтқа мән берулеріңізді сұраймын: бөлінген қаржы тек осы жылға арналған. Сондықтан қаржыландыруға қатысқысы келетіндер асыққан жөн. Қазірдің өзінде оннан астам облыстың азаматшасы қатыса алады», - дейді Жанна Аманова.

Несие алғысы келген жандар ең алдымен Кәсіпкерлер палатасына келіп, өтінім беруі қажет. Өтінімге сәйкес Палата арнайы хат дайындап береді. Аталмыш хатты кәсіпкер Халық банкіне тапсырады. Қажетті құжаттар тізілімін Банк қызметкерлері ұсынады.

Жеңілдетілген несиеге қол жеткізгісі келген қыз-келіншектер қосымша ақпараттарды Кәсіпкерлер палатасынан немесе Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Жанна Амановадан (тел. 87059019010) ала алады. Палатаның мекен-жайы Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі 28. Байланыс телефоны 40-09-81. Кәсіпкерлер палатасынан жауапты маман Сәуле Биманова.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер