astana-view

Қысқа мерзімде брендке айналған нан

2018 жылғы 03 Тамыз
- Алматы қаласы
7194 просмотров

Жаңа піскен нанның хош иісіне не жетсін? Тәбетті оятатын осындай хош иісті нан күнделікті алматылықтардың дастарханында болуы үшін қалалық наубайханалар тынбай жұмыс істеуде. Біз  «Jetysu nan» атты брендпен нан пісіретін «Хлебзаводе №7» зауытында болдық.

Мұнда нан-тоқаш өнімдерінің сан-алуан түрі шығарылады – бәліштер, круассандар, кекс, кептірілген нан, печенье; тәтті нанды жақсы көретіндер үшін жаңа піскен, құрамында ванилі бар өнімді татпай өтіп кету мүмкін емес. Ас атасы – нанның пісіп, сөрелерге түскені кәсіпорынның сыртынан-ақ хош иісі арқылы сезіліп тұр.

  «Хлебзавод №7» ЖШС небәрі екі жыл ішінде тез арада талынып, мегополистің ірі наубайханасына айналды.

 

 «Нарықтағы үлкен бәсекелестікке қарамастан «Хлебзавод №7» ЖШС  «Jetysu nan» брендімен нанның түрлі сұрыбын, нан-тоқаш өнімдері, кептірілген нан, ұннан жасалатын кондитерлік өнімдерді шығарып отыр», – деді директор орынбасары Айман Жасыбаева. – Қазіргі таңда «Jetysu nan» – бұл мықты материалдық-техникалық база, жоғары сапалы өнімнің үлкен ассортименті, мінсіз қызмет көрсету мен бірлігі жарасқан ұжым. Ұсынылып отырған өнім түрлері тұрақты түрде кеңейіп келеді. Ал ұжым әрқашан клиенттердің көңілінен шығуға тырысады».

 Кәсіпорында үлкен назар мамандардың біліктілігіне, білімі мен кәсіптік машығына көңіл бөлінеді. Мұнда болашақ кадрларды даярлау бойынша мемлекеттік білім беру мекемелерімен өзара байланыс орнатылған.

 Сондай-ақ, компания өз брендін танымал етуге күш салып отыр. Тартымды қаптамада логотиппен бірге сауатты маркетинг жүргізіліп отыр. Ал маркетингтік жұмыстар көп кәсіпорындарға жетіспей жүр.

 Дайын өнімді жеткізуді кәсіпорын өз автокөліктерімен жүзеге асырады, осыған орай жеке автопарк қарастырылған. Наубайханада автоматтандырылған швейцариялық, чех өндірістік жабдықтар қойылған, жалпы мұнда жоғары сапалы қондырғылар ғана пайдаланып отыр. Тіпті әр бөлке нан қолмен емес, атвоматпен қапталады.

 «Үнемі өткізу ауқымын кеңейтуге тырысамыз. Бүгінде Алматымен қоса Алматы облысын да қамтып отырмыз», – деді Айман Жасыбаева.

 

 Компания түрлі байқауларға белсенді қатысады, жуырда ғана Астанада өткен «Традиция качества» байқауында алтын медаль алды. 9-10 тамыз күні алматылықтар «Jetysu nan» брендің Ritz Carlton-да өтетін  «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме байқауында көретін болады.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер