astana-view

Нан пісіруден бастаған кәсіпорын

2018 жылғы 06 Тамыз
- Жетісу облысы
5415 просмотров

2003 жылы «Үйгентас–Береке» өндірістік кооперативі өз жұмысын бір ғана өнім - «Береке» атты нан шығарудан бастаған болатын.

Кәсіпорын басшысы Болат Жункураевтың тәжірибесі мен біліктілігінің арқасында кооператив қызметін кеңейтіп, нан-тоқаш, кондитерлік және кулинарлық өнімдерді пісіре бастады. Осылайша бүгінгі таңда наубайхана 250-ге тарта өнім түрін шығаруға қауқары жетеді.

«Кәсіпорында төрт өндірістік цех жұмыс істейді. Олар – нан-тоқаш, кондитерлік, кулинарлық және 200 орынға арналған «Береке» кафесінің асүйі. Тұрақты түрде өнім түрлерін арттырудамыз, жаңа рецептураларды ойлап шығарып, қолданысқа енгізудеміз. Жылдық қуаттылығыз 195 тонна өнім. Бір айдың өзінде 600 литр сүт дайындаймыз», – дейді «Үйгентас-Береке» өндірістік кооперативі» ЖШС Басқарма төрағасы Болат Жункураев.

Өндірістік коопертив Алматы облысының Алакөл ауданы Қабанбай ауылында орналасқан. Ауданның ірі және жетекші кәсіпорны саналады. Қазіргі таңда онда 40 адам қызмет атқарады.

Жылдар бойы компания жұмысын жетілдірумен, қызметіне тәуелсіз баға алу мақсатында түрлі сапа байқауларына қатысып келеді.

Кәсіпорын бірнеше жылдан бері «Ұлттық бизнес-рейтинг» жобасының қатысушысы атанып, ТОП-50 кәсіпорындар тобына кірді. Сарапшылардың бағалауынша, «Үйгентас-Береке» өндірістік кооперативінің экономикалық көрсеткіштері республикалық орташа статистикалық көрсеткіштерден жоғары болғандықтан, көшбасшылық символиканы жарнама және маркетингтік мақсаттарда қолдануға мүмкіндігі бар.

Ұлттық бизнес-рейтинг қорытындысы бойынша, өндірістік кооператив үздік атанып, «Сала көшбасшысы – 2013» атағымен марапатталды. Сонымен бірге, бірқатар қызметкерлер түрлі аталымдар бойынша жеңімпаз атанды.

Кәсіпорын жыл сайын «Ақ дастархан» байқауына қатысып, «Үздік аспазшы», «Үздік кондитер» номинациялары бойынша жеңімпаз болып келеді.

Биыл «Үйгентас-Береке» Талдықорғанда өткен «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік-көрме байқауына қатысып, өнімдері жоғары бағаға ие болды.

Ендігі таңда компания сапа саласындағы «Алтын сапа»ҚР Президентінің сыйлығына қатысуды жоспарлап отыр.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер