astana-view

Отандық бизнес АҚШ-тың «Артықшылықтардың Бас Жүйесі» бағдарламасымен танысты

2018 жылғы 15 Тамыз
5120 просмотров

 Бүгін, 14 тамыз күні Астанаға АҚШ сауда өкілінің Оңтүстік және Орталық Азия істері жөніндегі көмекшісі Марк Линскотт және АҚШ сауда өкілінің сауда және экономика саясаты жөніндегі көмекшісі Эдвард Грессер келді. Делегация құрамында Америка Құрама Штаттарының Қазақстандағы Елшілігі қызметкерлері және америкалық басқа да экономикалық ұйымдардың өкілдері болады.

Шетелдік делегация сапарының негізгі мақсаты – Қазақстан бизнесінің АҚШ нарығының 3500-ден астам тауарларды баж салығынсыз кіргізуді қарастыратын АҚШ бағдарламасына – Артықшылықтардың Бас Жүйесіне (GSP) қатысу мүмкіндігімен танысу.

«Артықшылықтардың Бас Жүйесіне (GSP) аясында Қазақстаннан тасымалданатын негізгі тауарлар: феррокремнийлі хром (22%), феррохром (21%), ферросилиций (16%), кремний (10%), тантал (13%) және тазартылған қорғасын (9%). Жалпы 2017 жылы АҚШ-қа экспорт көлемі 779 млн АҚШ долларын құрады», – деп атап өтті АҚШ сауда өкілінің сауда және экономика саясаты жөніндегі көмекшісі Эдвард Грессер

Айта кетелік, қазіргі таңда біздің ел әлем бойынша GSP алып отырған 12-мемлекет.2017 жылы отандық тауарлар 80 млн-нан астам АҚШ доллары көлемінде GSP аясында жеңілдетілген тасымалдау талаптарына сай келген.

«Қазіргі таңда АҚШ-қа тұрақты экспортпен 2 мыңға жуық қазақстандық тауар өндіруші айналысады. Жеңілдіктер мемлекеттік бағдарламасы аясында негізіннен феррохром, ферросилиций, сонымен қатар басқа да тауарлар экспортталады. Біз басқа да тауар түрлері экспортын өсіруді көздеп отырмыз. Осы бағдарламаға сәйкес сай келетін ауыл шаруашылығының жекелеген тауарлары бар», – деді Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының Басқарма Төрағасы Аян Еренов.

 Қазақстан Республикасы тауар айналымында әлем мемлекеттері арасында АҚШ 6 орынды алып отыр, оның ішінде – Батыс жарты шарындағы елдер арасында 5-ші орынды және Америка континентіндегі елдер арасында – бірінші орынды еншілеп отыр.

 ҚР мен АҚШ арасындағы сауда саласында АҚШ-тан Қазақстанға импорт үлесі басым. Ресми деректерге сәйкес Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналым 2017 жылы 1 млрд 645 млн АҚШ долларын құрады (экспорт – 392, 29 млн, импорт – 1 млрд 253,5 млн). Өткен жылмен салыстырғанда тауар айналым  241 млн АҚШ долларына қысқарған.

 Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы стандарттау мәселелермен айналысатын америкалық ASTM компаниясымен белсенді байланыс құрды. Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы 7-ші Дүниежүзілік Кәсіпкерлер Саммитіне қатысу үшін қазақстандық кәсіпкерлер арасында өтініштерді жинау бойынша ауқымды жұмысты өткізді.Өтінімдер АҚШ-тың Қазақстандағы Елшілігіне тапсырылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер