astana-view

Шағын бизнес мәселелері жіті назарда

2018 жылғы 16 Тамыз
- Павлодар облысы
9646 просмотров

Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ербол Арынов Железин ауданында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен кездесті.

 Кездесу барысында Ербол Арынов өзінің қызметі бойынша қысқаша есеп беріп, сонымен қатар өңірдегі кәсіпкерлік дамуының келешегі жайында айтып берді.

 ӨКП директорының берген мәліметі бойынша 2018 жылдың 1 шілдесіне сәйкес өңірде жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 42,8 мың бірлікті құраған, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 4%-ға жоғары көрсеткіш.

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша қаржылай емес қолдау аясында  биыл Өңірлік кәсіпкерлер палатасымен сүйемелдеуімен 353 жаңа шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі ашылды.

 2017 жылы «Бастау» жобасы бойынша 937 адам оқыды, биыл 1765 адамды оқыту жоспарланған. 2016-2017 жылдар аралығында ӨКП сүйемелдеуімен 105 әлеуметтік кәсіпкерлік корпорация ашылды.

 Ербол Арыновтың айтуынша, биыл «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Съезінде облыстық Кәсіпкерлер кеңестеріне сайлау өткізу туралы шешім қабылданды.

«Кәсіпкерлердің аудандық кеңесінің негізгі міндеті – бизнесін мүддесін қорғау, мәселесін шешу, жергілікті атқарушы органдар алдында жүйелі мәселелерді көтеру болып табылады. Өзекті мәселелер қатарында дайын жобаларды қаржылық институттар: «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры», «Аграрлық несие корпорациясы» арқылы қаржыландыру және қала құрушы кәсіпорындар жанында өткізу нүктелерін ұйымдастыру сынды түйткілдер бар», – деді баяндамашы.  

 Өз кезегінде Железі ауданындағы филиал директоры Талғат Қожамжаров атқарылған жұмыс туралы баяндады. Бизнесті қорғау тізбегі бойынша биыл 5 өтінім түскен, оның 4-і оң шешілген, кәсіпкердің мүліктік құқығы 3 млн сомасында қорғалған.

 «Қазіргі таңда мүлікті басқа біреудің мүлкінен сұрауға қатысты бір азаматтық іс сот қарауында жатыр, жұмыс жалғасып жатыр. Ауыл шаруашылығы кооперациясы бағдарламасы аясында 4 ӘКК құрылған. Палата сүйемелдеуімен қаржылық институттарда копперациялар мүшелерін несиелеумен байланысты 24 жоба 42,3 млн теңге сомасында қаржыландырылды», – деді Талғат Қожамжаров.

 Филиал директорының айтуынша мұндай жұмыс әр ауылдық округте жүргізіліп жатыр, нәтижесінде кәсіпкерлер несиелер мен субсидия түрінде жалпы сомасы 74,6 млн теңге қаражат алған.

«Әдеткі өтінімдермен қатар жер қойнауын пайдалану бойынша байқауға қатысу, балық шаруашылығы су қоймаларын бекітуге қатысты жобаларды сүйемелдедік. «Бастау» жобасы бойынша оқытудың үшінші легі аяқталды. Несие алуға 21 адам өтінім берді, оның ішінде 8 адам 29,3 млн теңге көлемінде несие алды», – деп баяндады директор.

Инвесторларды тарту бойынша жұмыс жүргізілуде. Осылайша 2017 жылы филиал сүйемелдеуінде «ASTAL AGRO» ЖШС болды:  қысқа мерзім ішінде айтарлықтай қаражат инвестицияланды, 5 мың гектар жер игерілді, 50 бас асыл тұқымды ірі қара мал, ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынды, жергілікті тұрғындар үшін жаңа жұмыс орындары құрылуда, аталған ЖШС округ шеңберінде ауыл құрушы болып танылды. Сондай-ақ филиал «Дари Ар» ЖШС  ашылуына атсалысты.

Железин ауданы бойынша Павлодар облысы ӨКП филиалының директоры Талғат Қожамжаров территориялық мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлік сұрақтар бойныша аудан кеңесіне өзара ынқтымақтастық үшін алғысын білдірді.  

 Кездесуді аяғында кәсіпкерлер сұрақтарын қойды, олардың көбін Павлодар ӨКП басшылығы назарға алды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер