astana-view

Қазақстан кәсіпкерлері Моңғолиядағы сауда-экономикалық миссияға қатысуға шақырылады

2018 жылғы 17 Тамыз
3415 просмотров

2018 жылы қазанның 4-5 күндері Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында ресми сауда-экономикалық миссия өтеді

Іс-шараның мақсаты – Қазақстан мен Моңғолия кәсіпкерлерінің арасындағы сауда қатынастарын дамыту, екі елдің іскерлік байланысын орнату.

Миссия бағдарламасында: сауда-экономикалық форумға қатысу, Ұлан-Батыр мемлекеттік билік органдары өкілдерімен іскерлік кездесу, Моңғолиядағы кәсіпорындар мен ұйымдардың өкілдерімен іскерлік байланысты нығайту.

Отандық кәсіпорындар Моңғолиядағы миссияға қатысу үшін тіркеу формасын толтыруы қажет: https://goo.gl/forms/fc3kbk0IIrIwCcDZ2

Қандай да бір сауал туындағанда Ибрагим Беккалиевке хабарласуға болады: + 7 (7172) 27 90 54 (ішкі нөмірі: 221), e-mail: i.bekkaliyev@atameken.kz

Іс-шараны «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі, Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Елшілігі және Моңғолияның Ұлттық сауда-өнеркәсіп палатасымен бірлесіп Қазақстанның сыртқы сауда палатасы ұйымдастыруда.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер