astana-view

«Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті»  коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру туралы

2018 жылғы 17 Тамыз
11264 просмотров

Мемлекеттік қатысумен заңды тұлғаларды құру бойынша «Атамекен» ҚР ҰКП Қорытындылар беру регламентіне сәйкес қоғамдық талқылау мақсатында ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру арқылы жарғылық капиталында мемлекеттің жүз пайыздық қатысуымен «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті»  коммерциялық емес акционерлік қоғамын (ары қарай – «ОҚМПУ» КЕАҚ) құру туралы өтініш жарияланды.  

Тіркелген пайдаланушылар аталған өтінімге қатысты пікірлерді 2018 жыл 27 тамызға дейін жібере алады.  

«ОҚМПУ» КЕАҚ орналасқан жері  – Шымкент қаласы, Байтұрсынұлы көшесі 13

Қызмет ауқымы: Шымкент қаласы, Түркістан облысы мен Қазақстан Республикасының  әкімшілік-территориялық шекарасы аумағында.

 «ОҚМПУ» КЕАҚ құрылтайшысы – ҚР Білім және ғылым министрлігі.

 Төменде Шымкент қаласы, Түркістан облысы және Қазақстан Республикасы әкімшілік-территориялық шекаралары аясында ұлттық және жалпыға ортақ құндылықтар негізінде адамның қалыптасуы мен кәсіби дамуын, ғылым мен тәжірибенің жетістіктерін, сондай-ақ ғылыми әлеуетті дамытуды және әзірлемелерді коммерцияландыруды көздейтін сапалы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді жүзеге асыру мақсатында «ОҚМПУ» КЕАҚ жоспарлаған жұмыс туралы ақпарат берілген.

«ОҚМПУ» КЕАҚ көрсететін қызмет түрлері:

1) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалар бойынша мамандарды дайыедау, сонымен қатар ғылыми-техникалық, инновациялық қызмет, іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеуді қоса алғанда ғылыми-зерттеу жұмыстары;

2) студенттерді тамақтандыру, тұрғылықты орын, медициналық қызмет көрсетумен қамтамасыз ету;

 3) қызметкерлерді тамақтандыру, тұрғылықты орын, медициналық қызмет көрсетумен қамтамасыз ету;

4) студенттерге қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

5)  спорт және мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізу;

6) дене шынықтыру және сауықтыру іс-шараларын ұйымдастыру мен өткізу, спорт және шығармашылық үйірмелерін құру;

7) білім беру үдерісі, зерттеулер, тәрбие және әлеуметтік-мәдени қызметті қамтамасыз етудегі баспа және баспахана қызметі;

 8) студенттер мен оқытушылар арасында өтетін түрлі халықаралық және республикалық деңгейдегі іс-шаралар: олимпиадалар, жарыстар, байқаулар, конференциялар, семинарларды ұйымдастыру мен қатысу;

9) запастағы офицер бағдарламасы бойынша студенттерді әскери қызметке дайындау;

 10) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламаларын, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыру;

  11) технополистер, технопарктер, бизнес-инкуьаторлар, инновациялық орталықтар, технологияларды коммерцияландыру мен трансферттеу орталықтары, жобалық конструкторлық бюро мен басқа да қызмет бейіні бойынша құрылымдарды құру.

 12) білім беру мен ғылым жүйесін одан әрі дамытуға және жетілдіруге бағытталған инновациялық әдістерді, оқу-әдістемелік және технологиялық технологияларды әзірлеу, тестілеу және енгізу жұмыстарына қатысу;

 13) білім берудің барлық деңгейіне арналған цифрлық интерактивті білім беру ресурстар мен оқу фильмдерін ұйымдастыру, құру мен дамыту;

 14) білм және ғылымның өндіріспен интеграциялау үдерісіне қатысу;

 15) Қазақстан Республикасы мен шетелдік ұйымдардың еншілес және тәуелді ұйымдарының қаржы ресурстарын тартумен инновациялық және инвестициялық жобаларды ұйымдастыру, қаржыландыруды, сонымен қатар білім және ғылым саласындағы жобаларды венчурлық қаржыландыру механизмдері мен инфрақұрылымын қалыптастыруға қатысу;

 16) Қазақстан Республикасы заңнамасы тиым салмайтын басқа да қызмет түрлерін жүргізу.

«ОҚМПУ» КЕАҚ жарғылық капиталы ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны балансындағы 263 872 671 (екі жүз алпыс үш миллион сегіз жүз жетпіс екі мың алты жүз жетпіс бір) теңге 70 тиын көлемінде мүлік есебінен құралатын болады.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер